Боранбаев 6 жылға сотталды

15 Қыркүйек 2023, 17:11
3196
Бөлісу:
Боранбаев 6 жылға сотталды
VIDEO
Фото: автордан

Сот процессуалдық келісім жасаған Қайрат Боранбаевтың үкім мерзімі 8 жылдан 6 жылға қысқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот Боранбаеатың жазасын жеңілдетті. Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақ “газды импорттауға жұмсалған қаражатты жымқырды” деген айыппен кінәлі деп танылып отыр.

Боранбаев пен Наханов 6 жылға, Тайыр Жанұзаққа 5 жылға жаза кесілді.

Енді Боранбаев мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызметті атқару құқығынан айырылды.

Бұған дейін прокурор сотта Боранбаевты мүлкін тәркілей отырып, оны 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Боранбаев 6 жылға сотталды

Еске сала кетсек, биыл наурызда Сарыарқа аудандық №2 соты Қайрат Боранбаевты 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді. Алайда, кейін Астананың сот алқасы Боранбаевқа шыққан сот үкімінің күшін жойды. 

29 маусымда Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Боранбаевпен бірге сотталған Тайыр Жанұзақ пен Роман Нахановтың да үкімін өзгертіп, қайта қарау туралы шешім шығарды. Үкім күшінің жойылуына нақты айғақтың болмауы себеп болған.

Өзгелердің жаңалығы