Қазақстан құрамасы бокстан Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нидерландта өткен жарыста Қазақстан құрамасы 5 алтынмен көш бастады. Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, боксшылар 5 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды.
Даниял Сәбит, Абылайхан Жүсіпов, Ерасыл Жақыпбеков, Дәулет Төлемісов, Нұрлан Сапарбай алтын медаль алса, Ертуған Зейнуллинов, Сабыржан Аққалықов, Сағындық Тоғамбай қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, осы жарыстың финалында Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық Олимпиада чемпионы Асадхуджа Муйдинходжаевты жеңді.