Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Нидерландтағы турнир: Жүсіпов Олимпиада чемпионын жеңіп, елге жеңіс сыйлады

10 Маусым 2025, 12:16
990
Бөлісу:
 Қазақстан бокс федерациясы
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Абылайхан Жүсіпов халықаралық турнирде Олимпиада жүлдегерін жеңіп, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нидерландта өтіп жатқан халықаралық бокс турнирінде Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті. Бұл жолы 70 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов топ жарды.

Финалда ол Париж Олимпиадасының жүлдегері, әлем чемпионы атағы бар өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаевпен кездескен. Көп күткен жекпе-жек бірінші раундтан кейін аяқталды: өзбек боксшысының қабағы жарылып, кездесу жалғасқан жоқ. Сол сәтке дейін ұпай санымен Жүсіпов алда келе жатқандықтан, жеңіс оған берілді.

Финалға дейін Абылайхан Жүсіпов Армения, Германия және Бельгия спортшыларын жеңіп, үздік формада екенін көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы