Биыл қанша шақырым жол жөнделеді?

7 Қыркүйек 2022, 11:00
1272
Бөлісу:
Биыл қанша шақырым жол жөнделеді?

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев «Желмая» жобасында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Биыл қандай жолдар пайдалануға беріледі деген мәселеге тоқталсақ. Халыққа мынаны түсіндіріп кеткім келеді. Пайдалануға берілетін жолдың бітуі бар және жолдың берілуі бар. Соңғы екі жылда пандемия болғаны белгілі. Одан кейінгі жыл бейімделу жылына ұласып, қайтадан компаниялардың «оянуы» орын алды. Сол себепті көп жұмыстар тоқтап қалды. Оның өзінің объективті себептері бар. Бірақ биыл жолдарды жөндеу қайта жанданды, - деп атап өтті басқарма басшысы. 

Айтуынша, ештеңеге қарамастан алдыңғы екі жыл ішінде де жол жөндеу жұмыстары тоқтамаған. 

Алайда сондай қарқынды болмады. Барлығы халықтың назарында. Бүкіл Қазақстан бойынша 157 мың (шақырым – ред.) жол бар. Оған қаланың ішіндегі асфальт төселген жолдар кіреді. Республикалық жолдардың 25 мың шақырымы тікелей біздің министрліктің Автомобиль жолдары комитетіне қарайды. Қазіргі таңда сол 25 мың шақырым жолдың 7 мың шақырымында орташа жөндеу, күрделі жөндеу және қайтадан жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Қайта жаңғыру жолдары 4,5 мың шақырымға тең. Оның ішінде негізгілеріне тоқталсақ. Қарағандыдан Балқашқа дейінгі 363 шақырым жол, - деді Мейірхат Қасымбаев. 

Өзгелердің жаңалығы