Биыл қазақстандықтар Қызыл алаңда өтетін парадқа қатыса ма?

18 Сәуір 2021, 16:42
1970
Бөлісу:
Биыл қазақстандықтар Қызыл алаңда өтетін парадқа қатыса ма?
VIDEO

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге қатысты журналистердің сұрақтарына Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицері подполковник Ғалымжан Жұмабаев жауап береді.

Оның айтуынша, биыл Ресей Федерациясы Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда өтетін Жеңіс мерекесіне арналған парадқа қазақстандық әскери қызметшілердің қатысуы жоспарланбаған. 

Сондай-ақ, ол биыл министрлікте Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында қандай шаралар ұйымдастырылып жатыр деген сауалға жауап берді.

Қазақстан Республикасындағы ардагерлерді құттықтау барлық мемлекеттік орган мен әскери басқару орынының қатысуымен өтетін болады. Оларды Қорғаныс министрлігінің атынан құттықтайды. Құттықтау мен құрмет көрсету шаралары ардагерлердің  мекен-жайында өткізіледі. Олардың денсаулығына нұқсан келтірмеу үшін көп адаммен қарым-қатынасқа түспеуі қадағаланады. Гигиеналық-санитарлық нормалар қатаң сақталады. Кей шаралар адам көп жиналмас үшін онлайн өткізіледі. Ардагерлерге құрмет көрсету мен құттықтау шараларына әскери оркестр мен ансамбльдер жұмылдырылып, естеліктер сыйлау үшін сол жылдардағы әндер шырқалатын болады, - деді ол. 

Бұған дейін Ғалымжан Жұмабаев Ұлы Отан соғысы кезінде із-түзсіз жоғалған қазақстандық жауынгерлерді іздестіру мақсатында қандай шаралар атқарылып жатқаны туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы