Ұлы Отан соғысында жоғалған жауынгерлерді іздестіру бойынша қандай шаралар атқарылуда?

18 Сәуір 2021, 16:23
1812
Бөлісу:
Ұлы Отан соғысында жоғалған жауынгерлерді іздестіру бойынша қандай шаралар атқарылуда?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге қатысты журналистердің сұрақтарына Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицері подполковник Ғалымжан Жұмабаев жауап береді.

Оның айутынша, әскери мұражайдың зерттеу бөлімі ұрыс қимылдары өткен жерлердегі қазақстандық жауынгерлер жайлы мәлімет алу үшін айтарлықтай шаруа атқаруда. Осы мақсатта Ресей Федерациясы, Украина мемлекеті, Батыс және  Шығыс Еуропа елдерімен байланыс орнатылған. 

Биыл Польша елшілігімен бірігіп атқарған жұмыстар нәтижесінде көптеген қазақстандық жауынгер жөнінде мәліметтер мен құжаттар алынды. Германия елшілігімен бірігіп атқарған жұмыстар нәтижесінде партизандық қозғалыстарға қатысты бірқатар құжат табылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табатын болады, - деп атап өтті ол.

Бұған дейін Ғалымжан Жұмабаев Отан қорғаушылар күнінде елімізде әскери парад өте ме деген сұраққа жауап берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы