«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осы жылдың бірінші жартыжылдығында 1,5 миллионнан астам азамат жеке куәлік пен паспорт алғанын хабарлады. Тек маусым айында 269 мыңнан астам қазақстандыққа осы құжаттар берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төлқұжатты рәсімдеу қанша теңге?
«Төлқұжатты тіркелген жеріне қарамастан кез келген ХҚКО-да рәсімдеуге болады. 36 беттен тұратын төлқұжаттың құны – 34 600 теңге, 48 беттік төлқұжат – 51 900 теңге, ал балаларға арналған төлқұжат – 17 300 теңге», – деді «Азаматтарға арналған үкіметте».
Жеке куәлік беру тәртібі
Қазақстанда жеке куәлік алғаш рет 16 жастан бастап беріледі. Құжатты алғаш рет алу және жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру кезінде мемлекеттік баж алынбайды. Ал жеке куәлік жоғалған жағдайда мемлекеттік баж мөлшері – 865 теңге.
Төлқұжат пен жеке куәлікті дайындау мерзімі – 15 жұмыс күніне дейін. Сондай-ақ екі құжатты да жеделдетілген тәртіппен рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған.
«Сапарлар мен маңызды іс-шаралар алдында құжаттардың жарамдылық мерзімін алдын ала тексеріп, оларды ауыстыруды соңғы сәтке қалдырмауға кеңес береміз», – деп атап өтті ведомство өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін әлемдегі ең ықпалды паспорттардың жаңа рейтингі жарияланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте жоғарылады: Қазақстандықтар 80-ге жуық елге визасыз саяхаттайды
Шетелде паспорт алу жеңілдейді: Қазақстандықтар құжатты екі есе жылдам рәсімдей алады
2026 жылы паспорт, куәлік және жүргізуші құжатын жасату қанша теңге тұрады?