Бишімбаев қасақана өлтірген жоқ – адвокат

3 Мамыр 2024, 10:49
887
Бөлісу:
Бишімбаев қасақана өлтірген жоқ – адвокат
Фото: видеодан кадр

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот жарыссөзі болып жатыр. Адвокат Ерлан Ғазымжанов неге экс-министр қасақана өлтірмегені туралы дәлел келтіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айыптаушы тарап Бишімбаевты аса қатыгездікпен адам өлтірді деп санайды. Қылмыстық кодексті қарасақ, адам өлтірудің не екенін көресіздер. Мұнда "қасақана өлтіру" деп тұр, яғни қасақана өлтірген жағдайда адам өлтірген болып саналады, ал қалған жағдайда адам өлтірді деп айыптауға болмайды. Біздің жағдайда,Бишімбаев өлімнің себебіне кінәлі екенін мойындайды, бірақ ол қасақана істеген жоқ, - деді Бишімбаевтың қорғаушысы.

Кеше адвокат Игорь Вранчев Қуандық Бишімбаевты соттау арқылы қоғам қандай сабақ алатынын айтқан еді.

Сондай-ақ адвокат Бишімбаев пен Байжановтың өзара келісіп, "спектакль" қойғанын айтты.

Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотталушылардың берген айқғақтарына сенбеуге шақырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы