Бишімбаев пен Байжанов Салтанаттың мәйітін келеке етті – Нүкенованың ағасы

2 Мамыр 2024, 13:18
12978
Бөлісу:
Бишімбаев пен Байжанов Салтанаттың мәйітін келеке етті – Нүкенованың ағасы
Фото: Жоғарғы сот

Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотталушылар Бақытжан Байжанов пен Қуандық Бишімбаев айқғақтарына сенбеуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Байжанов сізден аяушылық пен жанашырлық сезімін оята алады. Алданбауыңызды сұраймын. Екеуі бірге қылмыс жасап, қарындасымды алып кетті. Оның үстіне, олар Салтанаттың сол кезде өліп қалғанын біле тұра, оның суық денесін реанимация жасаған сияқты болған. Бұл жай ғана оны мазақ ету деп білемін. Жедел жәрдем қызметкерімен сөйлескен жазбаларды тыңдағанда, ең алдымен оның өлі денесін келеке еткені үшін ашуландым. Бұл көмектескен адамның әрекеті емес, — деді марқұмның ағасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Бақытжан Байжановты қулыққа басып отырғанын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы