Біртанов ісі бойынша сот тыңдауының өтетін күні белгілі болды

20 Қаңтар 2022, 11:12
2046
Бөлісу:
Біртанов ісі бойынша сот тыңдауының өтетін күні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауының өтетін күні белгілі болды. 

Алдын ала тыңдау 26 қаңтар күні сағат 14.30-ға белгіленген, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот процесі ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтеді.

Бұған дейін экс-министрдің ісі бойынша қылмыстық істің сотқа түскені туралы хабарлаған болатынбыз.

Елжан Біртановқа өкілеттіктерін асыра пайдаланды және аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. Сонымен қатар ол министр кезінде санитарлық авиацияның ұшағын заңсыз пайдаланғаны үшін айыпталуда.

Еске сала кетейік, Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. 

Оның ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды.

2020 жылдың қараша айында Дмитрий Куряченко бұрынғы министр үй қамауында екенін айтты.

2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ақпан айының соңына дейін ұзартты.

Кейін тергеу 2021 жылдың 12 ақпанында үйқамақ мерзімін ұзарту туралы шешімді ертерек бастады, сот қамауға алу мерзімін наурыз айының соңына дейін ұзартты. 

2021 жылы 14 шілде күні Елжан Біртановтың үй қамағы мерзімі тағы да екі айға ұзартылған болатын. Оның адвокаттары Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының сәйкес қаулысына жеке шағым түсірді. Осылайша, Біртановтың адвокаттары оны үйқамақтан босатуды сұрады.

2021 жылы 14 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Талғат Ақшабаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзартты

2021 жылы 18 қарашада Біртановты үйқамаққа алудың күшін жою туралы шешім қабылданбады. Судья қаулы процессуалдық шағымдануға жатпайтынын мәлімдеген болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы