Бір жылға созылуы мүмкін. Министр «Қазақстан» кенішіндегі өрт туралы

19 Қазан 2023, 13:47
734
Бөлісу:
Бір жылға созылуы мүмкін. Министр «Қазақстан» кенішіндегі өрт туралы
Фото: BAQ.KZ - архив

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Қазақстан» кенішінің қазіргі жағдайын айтты, деп хабаралайды BAQ.KZ тілшісі.

Шахталардағы өртті сөндіру – ерекше процесс. Мұндай өрттерді сөндіру (Қазақстан шахтасындағы сияқты) оттегінің келуін шектеу арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты арнайы гипс бөгеттер салынып жатыр , - деп түсіндірді Шәріпханов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мұндай бөгеттердің қалыңдығы бір метрден үш метрге дейін жетеді. Қазіргі таңда 25 бөгет қойылған, алайда біреуінде жоғары температура мен газ деңгейі анықталды.

Өртті осылайша сөндіру көп уақытты алады. Бұл бір айдан бір жылға дейін болуы мүмкін. Сондықтан қазір күту керек, - деді министр.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған, 222 адам эвакуацияланды. Сегіз адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кеткен болатын.

Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Кейіннен апат салдарынан көз жұмған кеншілердің есімдері жарияланды. 

20 тамыз қаралы күн деп жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы