Шахтадағы апат. Бесінші кеншінің денесі табылды

19 Тамыз 2023, 23:55
788
Бөлісу:
Шахтадағы апат. Бесінші кеншінің денесі табылды
Фото: Артём Чурсинов

«Қазақстан» шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қаза тапқан кеншілердің аты-жөні:

1. Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, 4-разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;

2. Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл;

3. Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;

4. Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;

5. Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, 3-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған, 222 адам эвакуацияланды. Сегіз адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кеткен болатын. Кейін бір адамның денесі табылып, кім екені анықталған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ депутаттар Арселор Миттал басшылығын жауапқа тартуды талап еткен болатын.

Қазіргі уақытта 5 адамның да денесі табылды. Сонымен қатар дәрігерлер ауруханаға түскен шахтерлердің жағдайы туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы