Ақтөбеде полицейлер бөтен адамның телефонын пайдаланып, бірнеше минут ішінде ұялы телефон сатып алуға бөліп төлеуді рәсімдеген күдіктіні ұстады.
Облыстық Полиция департаменті мәлім еткендей, оқиға орталық базар маңында болған. Сол жерде таныс ер адам мен әйел кездескен. Әңгіме барысында әйел ер адамнан хабарлама жіберу сылтауымен ұялы телефонын сұрап алған. Қолына алған соң, ол қосымша арқылы құны 421 990 теңге тұратын «iPhone 15» ұялы телефонын 24 айға бөліп төлеуге рәсімдеген. Одан кейін ештеңе айтпастан телефонды иесіне қайтарып берген.
Бірнеше күннен кейін жәбірленуші сатып алудың рәсімделгенін біліп, полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, кәсіпкерді 1 млн долларға алдаған алаяқ 10 жылдан кейін Германиядан Қазақстанға жеткізілді.
Тағы оқи отырыңыздар:
Көкшетауда Қопа көлінің жағалауын жөндеуге бөлінген 170 млн теңгені жымқырған шенеуніктер сотталды
Ақтөбеде лицензиясыз "ломбард" халықты 12 есе жоғары пайызбен қарызға батырған