Кәсіпкерді 1 млн долларға алдаған алаяқ 10 жылдан кейін Германиядан Қазақстанға жеткізілді

10 жылдан астам іздеуде жүрген аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Германиядан экстрадицияланды.

 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 13:52
Бүгiн 2026, 13:52
220
Фото: видеодан алынған кадр

1 миллион долларды алаяқтық жолмен иемденген күдікті 10 жылдан кейін Германияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Оған 10 жылға дейін жаза қаупі бар.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері,Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында аталған елденшетелдік азамат экстрадициялады.

Тергеу барысында көрсетілген тұлға 2014 жылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, компьютерлік техниканы жеткізуге жәрдем көрсету сылтауымен қазақстандық кәсіпкердің 1 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражатын алдау жолымен иемденгені анықталды, - деп хабарлады Бас прокуратура.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың қыркүйегінде ол Германияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға берілді.

Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Наверх