«Бәйтерек» маңында атпен жүрген адам жауапқа тартылды

Көшеде жылқы тротуарды ластап, жасыл желектерге зақым келтірген.

6 Тамыз 2026, 13:03
АВТОР
 видеодан скриншот 6 Тамыз 2026, 13:03
6 Тамыз 2026, 13:03
297
Фото: видеодан скриншот

Астанада көшеде атпен жүрген ер адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

35 жастағы ер адам елордадағы ойын-сауық орындарының біріне бейнеролик түсіру мақсатында атпен автомобиль жолымен және жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлармен жүріп, жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірген.

Кейін «Бәйтерек» монументі маңына қарай бет алған кезде, жол қиылыстарының бірінде жылқы тротуарды ластап, жасыл желектерге зақым келтірген.

Осылайша абаттандыру саласындағы заңнама талаптары бұзылған.

Аталған екі құқық бұзушылық фактісі бойынша ер адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Астана қаласының Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға, айналасындағылардың құқықтарын құрметтеуге және жол қозғалысының басқа қатысушылары мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық немесе қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Тараз көшесінде атпен шапқан бала көлікке соғылды

Тағы оқи отырыңыз: 

Ақмола облысында көкпар кезінде жасөспірім көз жұмды

Ақтөбеде аттан құлап, мүгедек болып қалған тұрғынға 12 млн теңгеден астам өтемақы төленеді

Көкпар кезінде жол талғамайтын көлікпен аттарды қаққан жүргізуші ұсталды

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх