Павлодар облысының Баянауыл ауылындағы Сабындыкөл көлі маңында мал қайырып жүрген әйел батпаққа түсіп, сол жерден шыға алмай қалған.
112 пультіне әйел адамнан құтқарушылардың көмегі қажет екені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері жедел түрде шықты. Оқиға орнына келгенде мал айдап бара жатқан әйелдің батпақты жерде тұрып қалып, өздігінен шыға алмағаны анықталды. Құтқарушылар мен прокуратура қызметкері жедел түрде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шегушіні қауіпті аймақтан шығарып, жедел медициналық көмек бригадасына тапсырды, - деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Аршалыда Есіл өзені ағызып әкеткен көліктегі жүргізуші құтқарылды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Өскеменде ер адам тұрғын үйдің шатырынан секіріп кете жаздады
Астанада 18 жастағы жігіт үш бала қаза тапқан тұрғын үйден секірмек болды
Алматы тауларында екі жасөспірім құтқарылды