Батыл жүзеге асырылуы керек. Тоқаев Жұманғаринге тапсырма берді

26 Қаңтар 2021, 12:22
1249
Бөлісу:
Батыл жүзеге асырылуы керек. Тоқаев Жұманғаринге тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринге 2025 жылға дейінгі жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға толықтай араласу керектігін айтты.

Менің түсінуімше, агенттік белсенді жұмысты бастады. Ол әрі қарай дәйекті және батыл жүзеге асырылуы керек. Біз 2025 жылға дейінгі жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға толықтай араласуымыз керек. Бұл мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтуға бағытталған. Бұл процестің ашықтығын қамтамасыз ету және жеке тұлғаларда монополиялардың пайда болуын болдырмау маңызды. Бәсекелес ортаға беру объектілерінің тізімін үнемі жаңартып отыру үшін мемлекеттік меншіктің кешенді талдауы қажет. Фармацевтика секторы, бұл маңызды тақырып. Біз мәселені бақылауда ұстаймыз, - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Агенттік басшысы биыл бәсекелестікті бағалауды енгізетіндерін және бүгінгі таңда 53 оператор бар екенін айтты. 

Біз оларды құру бойынша ашық және нақты шараларды қабылдап жатырмыз. Біз мемлекет қатысатын қызметтер санын қысқартып жатырмыз. Келесі жылдан бастап жоспар бойынша жеке тасымалдау жүзеге асырылады, - деді Жұманғарин.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр. 
Өзгелердің жаңалығы