Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

26 Қаңтар 2021, 10:45
3977
Бөлісу:
Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшілері - Аягөз Құрмаш және Айсұлу Маманқызы. 

Бүгін 26 қаңтарда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр.

Жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады деп күтілуде.  

Бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері аталған іс-шара туралы ақпаратты  «Қазмедиа орталығынан» таратып жатыр.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы туралы жарлыққа қол қойған еді. Президент жаңартылған Үкімет мүшелерінің қатысуымен алғаш рет отырыс өткізіп жатқанын атап өткен жөн.



ЖАҢАРТУ

13:37 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз баяндамасын аяқтаған соң, Үкіметтің кеңейтілген отырысының көрсетілімі тоқтатылды.

13:36 – Президент:

Биыл қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай қолға алынған бағдарламаларды жүзеге асыруымыз керек. Мерейтой кезінде артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді. Біз осы шаралар арқылы бірлік пен келісімді нығайытып, өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм  рухын дамытуға тиіспіз. Оларды егемендігіміздің және мемлекеттілігіміздің құндылықтарын бағалай білуге үйретуіміз қажет.

13:36 – Тоқаев басты мақсат азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатты арттыру екенін айтты. 

Мемлекеттік органдардың әрбір әрекеті халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек. Бұл  біздің қолымыздан келеді, - деп түйіндеді өз сөзін Тоқаев.

13:35 – Тоқаев ЖОО-ларда академиялық өзін-өзі қамсыздандыру бар екенін айтып, осы жүйені колледжерде енгізу қажетін айтты. 

Біз «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырып жатырмыз. Өткен жылы меморгандар 1 млн 900 мың өтінімді қарады. Менің атыма 32 мың өтінім келіп түсті. Оның 80 пайызы әртүрлі меморганның қызметіне қатысты болып отыр. Бұл жүйелік проблема болып отыр. Бұл орайда жаңа ақпараттық «Нәтиже» жүйесін 1 шілдеге дейін  енгізу қажет – деді ол.

13:32 – Тоқаев сапалы білім бермейтін ЖОО-ларды қысқарту жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты. 

Тоқаев ЖОО-ларда жемқорлық бойынша тексеруді күшейтіп, қажет болған жағдайда лицензияларын алып қоюға дейін болатынын айтты.

13:32 – Тоқаев биыл 200 жаңа мектеп салуды ұсынды.

13:31 – Тоқаев мектепке дейінгі мекемелермен қамту қажетті деңгейде емес екенін айтты. 

Мектептегі білім беруге келсек, мектептердегі білім беру сапасы төмендеп бара жатқанын халықаралық зерттеулер көрсетіп жатыр. Жаңа пәндердің қосылуы да білім сапасына әсер етеді. Бізде білім беру қысымы өте жоғары, ол 67 сағатты құрап отыр. Білім беру мен өзге даму тетіктері бойынша баланс болуы керек. Кітаптардың сапасына қатысты бірқатар мәселе бар. Қазақстан тарихы мен дүниежүзілік тарихы бойынша білім берудің бірыңғай жүйесін әзірлеуді тапсырамын, - деді ол. 

13:28 – Президент білім беру саласына қатысты мәселелерді көтеріп жатыр. Ол өткен жылы білім беру саласы үлкен сынақтан өткенін айтты.

13:27 – Президент Үкімет пен Ұлттық палатаға 1 айдың ішінде иммундық жағдай бойынша QR-кодты енгізуді тапсырды. 

Вакцинация-бұл жағдайдан шығу. Оны сапалы жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасау керек. Вакцинаны сақтайтын мұздатқыштардың тапшылығы бар екені анықталды. Осы бағыттағы жағдайы мәз емес өңірлер қатарында БҚО, Түркістан, Маңғыстау облыстары тұр. Вакцинацияға 1 ақпаннан бастап кірісу керек. Мен өзім қазақстандық вакцинаны салдырамын, - деді ол.

13:25 – Тоқаев дәрі-дәрмек сатып алу бойынша мемлекеттік қызмет орталықтандырылған болуы керегін айтты. ДСМ мен бәсекелестікті дамыту агенттігіне бұл бағыт бойынша жұмысты дамытуды тапсырды. 

Пандемия кезінде статистикалық мәліметтердің шынайы еместігі байқалды. Өңірлер рейтинг қуу мақсатында шынайы статистиканы жасырды. Біз халықтың шынайы көрсеткіштерін білуіміз керек. Статистикалық нақты мәліметтерді анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру керек, - деді ол.

13:24 – Мемлекет басшысы ана өлімі мәселесін көтерді. 

Жансақтау бөлімінің жағдайы көңіл көншітпейді. Қондырғылар тапшы. Өңірлердің денсаулық сақтау нысандарына инвентаризация жүргізуді тапсырамын. Әлеуметтік әлжуаз топтар дәрі-дәрмекті тегін алуы керек. Есеп бойынша олар тегін алады. Бірақ олар өздерінің қаражатына сатып алып жатқанын көреміз. Мұндай мәселе болмауы үшін цифрландыруды барынша енгізу керек. Үкіметке бұл мәселеге ерекше назар аударуын сұраймын, - деді ол.

13:21 – Тоқаев қолжетімді баспанаға қатысты айтып жатыр. 

Үкіметке 2 апта ішінде тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыстар беруді тапсырамын. Қазір жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру керек. Қазір нарықтағы мүліктің бағасы артып жатқаны туралы айтылып жатыр, - деді ол.

13:20 – Тоқаев Үкіметке 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды.

13:19 – Тоқаев экология мәселесі туралы айтып жатыр.

13:18 – Президент:

Мен былтыр мемлекеттік қызметтердің цифравизация деңгейін  90%-ға көтеруді тапсырған болатынмын. Есепке сәйкес ол 93%-ға жеткен. Алайда, номималды қамту пайызын ғана емес, тұтас ел бойынша қызметті шын мәнінде пайдалану көрсеткішін де арттыру керек. Бүгінде азаматтардың 70%-ы смартфон қолданады. Ірі банктер, интернет алаңдар мобильді сервистер аясында қарқынды дамып келеді. Сондықтан барлығы смартфон форматына ауысуы керек. Мемлекеттік органдарға цифрлық форматтағы базалық құжаттардың заңдық күшін қамтамасыз ету керек.

13:18 – Тоқаев ел бойынша интернет желісінің баяулығын тілге тиек етті. 

Цифрлық жүйе дамыған сайын жеке мәліметтер сыртқа шығады. Сондықтан жыл соңына дейін заңнамаға жеке мәліметтерді қорғау бойынша түзетулер енгізу  керек, - деді ол. 

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

13:17 – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдармен маневрлік генерациялар бойынша инвестиция тартуды жүзеге асыруы керек. Үкімет газ өңдеу кешенін жүзеге асыру керек. Инвесторларға жеңілдіктер ұсынуы керек.

13:16 – Тоқаев Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп газды реттеу бойынша жаңа әдістерді әзірлеуді тапсырды.

13:14 – Тоқаев: 

Менің тапсырмам бойынша су ресурстары бойынша Ұлттық жоба әзірленді, - деді ол. 

Тоқаев оны тездетіп жүзеге асыруды бастау керек екенін айтты. 

Биылғы 10 қаңтарда БҚО-да болған энергия жүйесіндегі апат жүйенің жетілмегенін көрсетті. Болашақта батыс өңірлерді Қазақстанның бірыңғай электр жүйелерімен біріктіру қажет, - деді ол. 

Президент мұнай-газ саласының дәуірі аяқталып келе жатқанын айтты.

13:11Менің тапсырмаммен аграрлық өнеркәсіп бойынша Ұлттық жоба әзірленіп жатыр, - деді Тоқаев.

13:10 – Тоқаев ауыл шаруашылығын дамыту барысында жер қатынастары маңызды рөл атқаратынын айтты. 

Жер жөніндегі комиссияның жұмысы қайта жанданады. Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізуді қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді ол.

13:05 – Тоқаев банк пен олардың акционерлерінің жоспарды орындауын қадағалауды жоспарлау агентігіне тапсырды. Бәсекелестікті дамыту агенттігі мен Үкіметке 2022 жылдың қаңтарына дейін дұрыс бәсекелестік бойынша заң әзірлеуді тапсырды. 

Тоқаев ол уақытқа дейін ешқандай оператор құрмауды тапсырды.

13:04 – Тоқаев әкімдерге арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) бойынша жұмыс істеуді тапсырды. Егер жұмыс атқарылмаса, бюджеттен қаржы бөлінбей, олар жабылатынын айтты.

13:03 – Мемлекет басшысы Үкімет басшысының орынбасарларына инвестицияларды басқару бойынша нақты тапсырма берді.

13:01 – Тоқаев дағдарыс жаңа әдістерді қолдану керегін көрсеткенін айтты. 

Қаржыны тиімсіз қолдану орын алып отыр. Сметалық жобалары негізсіз жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мен бұл мәселе бойынша жүйелік шешімдерді талап етемін. Бірыңғай сатып алуды бюджеттік процестің бөлігі ретінде енгізу керек, - деді ол.

12:59 – Мемлекет басшысы елдің кедендік жүйесі барынша тиімді емес екенін айтты. Ол 1 қыркүйекке дейін кедендік әкімшілендіру бойынша тұжырымдама әзірлеуді тапсырды. 

2019 жылы біз қаржылық бақылау комитетіне реттеу жұмысын жүктедік. Бұл өз нәтижесін берді. Өткен жылы 83 қылмыстық топ ұсталды. Бұл жұмыстың басы ғана. Қарқынды арттыру үшін Президент жанындағы агенттіктің жұмысын күшейту керек. Ол 2025 жылға қарай «көлеңкелі экономика» 15 пайызға жетпеуі керек. Бұл Үкімет пен жаңадан құрылған агенттіктер алдындағы үлкен жұмыс, - деді ол.

12:55 – Тоқаев:

Жүйелік саясатты қайта құру. Салық төлеу саясаты экономиканың жаңа құрылымы бойынша жұмыс істеуі керек. Дағдарысқа қарсы іс-шаралар бойынша салықтық жеңілдіктерді жүзеге асырдық. Ол өз нәтижесін берді. Салықтық әкімшілендіру мәселесі де өте маңызды. Соңғы кезде кәсіпкерлер салық органдарына арыздарын көбейтті. Үкіметке Ұлттық палатамен бірігіп, салықтық әкімшілік бойынша жеңілдетуді тапсырамын. Атап айтқанда, жеке кәсіпкерлерді пост-терминалдарды қолдану бойынша салық есебінен босатуға шақырамын.

12:52 – Президент жұмыспен қамту бойынша мәселені көтерді. 

Біз жұмыспен қамтудың жол картасын қабылдап, оған 1 трлн теңге бөлдік. Бұл қаржының 98,2%-ы игерілді. Бағдарлама халықты еңбекпен қамтып, іскерлік белсенділікті қолдау үшін маңызды рөл атқарды. Алайда, ондаған және жүздеген мың жұмыс орны ашылғаны туралы ақпаратты тексергенде ол зейнетақы және салық төлемдеріне сәйкес келе бермейді. Азаматтарды қағаз жүзінде ғана қызметке алу белең алып отыр.  Бірыңғай ақпараттық жүйеге бір адам туралы мәлімет қайта-қайта енгізіледі. Дәл осындай 15 мың жағдай тіркелген.  Жұмысқа орналасты деген адамдардың үштен бірі зейнетақы қорына қаржы аудармаған болып шықты. Мұндай жағдай Түркістан (79%), Қызылорда (43%), Жамбыл облыстарында (36%) анықталып отыр.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

Мұрағат

12:50 – Тоқаев бюджет әкімшілері жеке жауапкершілік алатынын айтты. 

Президент индустрия министрлігіне көрсеткіштерді қайта тексеруді тапсырды. 

1 қыркүйекке дейін өнімді сатып алу бойынша кепілдендірілген жүйе бойынша жоспар әзірлеу керек. 1 қаңтардан бастап ДСҰ-ның отандық бизнесті қолдау бойынша талабы іске қосылды. Үкімет пен Ұлттық палата бұл бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу керек, - деді Президент.

12:49 – Президент:

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы - халықты жұмыспен қамтудың негізгі бағдарламасы. Оның «Бастау бизнес» бағыты бойынша 150 мыңнан астам адам оқып шықты. Бірақ 10%-ы несиеге, 19%-ы грантқа ие болды. 100 мыңнан астам адам мемлекет қолдауынан тыс қалды. Әсіресе, бағдарламаның ауылдағы түлектеріне қаржы жетпей жатыр.

12:49 – Мемлекет басшысы қазақстандық қамтамасыз ету тек 83 пайызға орындалғанын айтты.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

12:47 – Президент:

Экономикалық белсенділікті қолдау. Пандемия елдегі іскерлік белсенділікке кері әсерін тигізді. ШОБ қатты зардап шегуде. Былтыр дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылданды. Бизнестің сұранысына ие болып отырған маңызды шаралар осы жылдың соңына дейін ұзартылды. Бір сөзбен, ШОБ ахуалы қандай болса, халықтың жағдайы да сондай. Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп осыған қажетті іс-шаралар топтамасын әзірлеуді тапсырамын. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы - халықты жұмыспен қамтудың негізгі бағдарламасы.

12:46 – Президент:

Басты мақсатымыз коронавирус пандемиясымен оның салдарын жою

12:45 – Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы қорытынды сөзін бастады.

12:44 – Сағынтаев:

Биылғы бюджеттің жартысына жуығы әлеуметтік мақсаттарға жұмсалды. 200 млрд теңгеге 504 жобаны жүзеге асыру басталды. Алматы 2020 жылдың қорытындысы бойынша «ақылды қалалардың» көшін бастады. Биыл цифрландыру бойынша қала тіршілігінің 11 саласын қамтитын 49 жобадан тұратын пул қалыптастырылды, - деді ол. 

Сағынтаев коронавирус індетімен күрес бойынша қандай шаралар жүзеге асырылатынын айтты. 

1 ақпандағы вакцинацинаны бастау бойынша барлық тапсырмалар орындалып, шаралар жүзеге асырылды. 15 қаңтардан бастап 879 адам қайта вакцинадан өтті. Вакцинадан ауыр, жанама белгілер тіркелген жоқ, - деді ол.

12:40 – Сағынтаев қаланың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндама жасап жатыр. 

ШОБ-қа кредит беру 1,7 есеге өсті. Тұрғындар үшін коммуналдық тарифтердің көтерілуіне жол берілген жоқ. Негізгі басымдықтардың бірі – халықты жұмыспен қамту. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау-жұмыс бағытының бір бөлігі, - деді ол.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

12:37 – Келесі сөзді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алды.

12:36 – Алтай Көлгінов

Газификация бойынша екі мәселе бар, біріншісі – жылыту маусымы басталды, халық қызмет құнын төлеп те үлгерді. Олар қазір көмір жағып үйлерін жылытып отыр, бірақ бұған қарамастан, біз газ тарту жұмысын жүргізіп жатырмыз. Газ бағасына қатысты халық тарапынан сұрақ туындады. Біз мердігерлерден бағаны төмендетуін сұрадық. Мысалы, қосу үшін 240 мың теңге тұратын еді, біз мердігерлерге оның құнын 150 мыңға түсіруді ұсынған едік, олар келісті. Қазір халық тарапынан жағымды пікірлер келіп жатыр. 

12:35 – Тоқаев елорда барынша тартымды болу керегін айтты. 

Мен Үкімет пен әкімдіктің инженерлік жүйесінің құрылысы бойынша жұмысты қолдаймын. Себебі инженерлік жүйесіз қаланың инфрақұрылымы құлдырайды. Газификация мәселесі бойынша Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады. Қазір газға қосылу қарқынын ұстап тұру керек. Жеке үйлер газға қосылу бойынша проблемаға тап болып отыр. Оған қосылу 500-700 мыңды құрайды. Бұл мәселені қалай шешесіздер? Қала сыртындағы үйлер мәселесі не болды?, - деп Президент Көлгіновке сұрақ қойды.

12:33 – Көлгінов пандемия кезінде азық-түлік бағаларының бағасын күрт өсірмеу үшін шаралар қабылданғанын айтты. 

Шаруа қожалықтарының өнімдерін тікелей жеткізу үшін келісімдер жасалды. Пандемия кезінде өңірлік инвестиция бойынша жұмыс күшейтілді. 159 қызмет онлайн жүзеге асырылады. Қоғамдық көліктер онлайн төлемге ауыстырылған. «Еститін мемлекет» қағидасы бойынша өткен жылы 10 мың адам қабылданды. 3 ай ішінде 15 мыңнан астам әртүрлі сұрақпен жүгінді. Халықтың әл-ауқатын арттыруды орталық органдармен бірлесе атқарамыз, - деді ол.

12:29 – Алтай Көлгінов:

Карантиндік шектеулерге байланысты бөлшек тауар айналысы көлемі төмендеді. Дер кезінде қабылданған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 16 мың жұмыс орны құрылды. Пандемия кезінде шығындар көлемін 43 млрд теңгеге оңтайландырды. Нәтижесінде оларды денсаулық саласын жаңғыртуға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесуге, қашықтан оқу үшін құрал-жабдықтар мен ноутбуктер алуға, азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорын толтыруға, шағын бизнесті қолдауға бағытталды.

12:28 – Көлгінов:

Әлеуметтік әлжуаз топтарға 7 мың пәтер ұсынылды. Үлескерлік тұрғын үй бойынша 2020 жылы 10 проблемалық тұрғын үй мәселесін шештік. Қалған 22 нысан бойынша 2023 жылы аяқтау көзделіп отыр. Елорданың экономикасының қозғаушы күші құрылыс саласы болып отыр. Былтыр үш ауысымды мектептер 8-ден 4-ке дейін қысқартылды. Өткен жылы 14 мектептің құрылысы аяқталды. Биыл тағы 15 мектеп ашылады. Мектеп салуға жеке инвестициялар тартылған, - деді ол.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

12:27 – Алтай Көлгінов:

2020 жылы қаланың негізгі бағыттары бойынша оң өсім қамтамасыз етілді. Өткен жылы 3 млн-нан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өсім 73%-ға артты. Инвестиция көлемі 1,1 трлн теңгеден асты, бұл жерде де өсім 21%-дан жоғары. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны да өсті. Өндірідлген өнеркәсіп өнімі көлемі 1 трлн теңгеден асты.

12:27 – Келесі сөз Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновке берілді

12:25 – Тоқаев Сқақовқа сұрақ қойды. 

Баламалы энергия көзіне көшу бойынша қандай жұмыстар атқарылды?

Сқақов: 

Ұзақмерзімді әлеует бойынша бірқатар проблема бар. Көмірді пайдалану 15 пайызға азайып отыр. Біз Энергетика министрлігімен жұмысты бастадық. Екібастұз энергетикалық кешені бойынша кешенді жоспар әзірледік. Егер ол мақұлданса, жүзеге асырылады, - деді әкім.

12:19 - Әбілқайыр Сқақов:

Жалпы өңірлік өнім 2019  жылдың деңгейінде сақталған. Оның ішінде өндіріс, ауыл шаруашылығы мен инвестициялық және жұмыссыздық сияқты макрокөрсеткіштер бойынша тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша көзделген индикаторлар орындалды. Негізгі салалар бойынша көрсеткіштерге тоқсалсақ, өндіріс көлемі 1,1%-ға артты. Құрылыс, машина жасау, металл конструкциялары өндірісінде, жеңіл өнеркәсіпте көрсеткіш елеулі ұлғайған. Ең бастысы,  кәсіпорындардағы жұмыс орындарында қысқарту болған жоқ.

12:18 - Әбілқайыр Сқақов:

Өткен жыл Павлодар облысының экономикасы үшін сындарлы жыл болды. Көптеген тармақ бойынша сынақтан лайықты деңгейден өттік. Дегенмен, кейбір салаларды коронавирус салдарынан қалпына келтіру жұмыстары күтіп тұр.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

12:17 - Президент келесі сөзді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа берді

12:16 – Есқалиев:

Қазіргі кезде коммуналдық желілер ауыстырылуда. Кейін Үкіметпен келісіп «Нұрлы жер» бойынша жұмысты жалғастырамыз,- деді ол. 

Президент облыс әкіміне жолдардың жөнделуіне қатысты сұрақ қойды. 

Есқалиев: 

Біз қазір жолдарды жөндеу бойынша жоспар әзірлеп жатырмыз. Бұл мәселе шешімін табады. 

Президент бұл мәселеге Үкімет ерекше көңіл бөлу керегін айтты.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

12:13 – Президент облыстағы электр желілерінің 80 пайызы тозғанын айтып, Есқалиевке сұрақ қойды.

Апаттар жиі болып, электр қуаты қайта-қайта үзіле береді. 2020 жылы 180 электр қуаты өшкен бұл мәселелерді шешу үшін қандай жұмыстар жүзеге асырылуда?

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

12:11 – Ғали Есқаиев

Жыл қорытындысы бойынша бірінші кезеңде газ және газ конденсаторын өндіру көлемінің өсуіне байланысты өнеркәсіп көлемі ұлғайды. Сонымен қатар химия өнеркәсібінде, пластмасса өнімдері мен жиһаз өндірісінде өсім бар.

12:09 – Келесі сөзді Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев алды.

12:07– Әбдіқалықова: 

Пандемия жағдайына байланысты кредиттік үйлерді алу бойынша өткен жылмен салыстырғанда аз болды. Қазір бізде 30 мыңнан астам адам кезекте тұр. Биыл біз 644,7 мың шаршы метр үй беріледі деген мақсат қойдық. Оның ішінде Қызылорда қаласы мен аудандар бойынша инфрақұрылымдарды дамыту тұр. Біз осы бойынша жұмыс істейміз, – деді ол.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

12:07 – Президент Гүлшара Әбдіқалықоваға сұрақ қойды

Халықты баспанамен қамту өзекті мәселе. Егер статистикаға қарасақ, былтыр облыстағы құрылыс қарқыны 27 пайызға төмендеген. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 20 пайызға төмендеген. Бұл мемлекет бойынша ең төменгі көрсеткіш. Жағдайды түзеу үшін не істеп жатырсыздар? Бұл мәселе бойынша қандай жоспарларыңыз бар?

12:02 – Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша баяндама жасап жатыр. 

Биыл 42 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Облыс бойынша 492 шақырым жол мен көше жөнделді. 13 әлеуметтік нысан іске қосылды. Облыстың 97 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілді. Ауыл шарушылығы саласындағы өсім қамтамасыз етілді. Өңір экономикасының басты проблемасы-мұнай саласының артта қалуы. Уранды өңдеу азық-түлікті өңдеу мен өндіруге кері әсер етті. Биыл 4 жобаны 48,5 млрд теңгеге жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Өңірдің 2023 жылға дейінгі экономикалық картасын әзірледік. Биыл жобалар санын 500-ге жеткізу жоспарланып отыр. 89 жоба қазір жүзеге асырылып жатыр,-  деді Әбдіқалықова.

12:00 – Сөзді Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова алды.

11:59 – Президент: 

«Еститін мемлекет» қағидасы бойынша қоғам мен биліктің қарым-қатынасын жетілдіріп отыру керек. Қазір баяндама жасаудың сөзі емес, нақты істер жасау керек. Бізге табысты жұмыс керек.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

11:58 – Қайрат Келімбетов

«Қазақстан – 2050» стратегиясы елдің даму жолындағы ұзақмерзімді болжамын айқындайтын өзекті құжаты болып саналады. Осыған байланысты ұзақмерзімді құжатты жүзеге асыру мақсатында жалпыхалықтық әлеует құралдарын енгізу ұсынылып отыр. Ол бірыңғайлы инклюзивті платформаға айналады.

11:56 - Қайрат Келімбетов

Көшбасшы елдердің аналогиялық жүйелерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесіне тиісті әдістер жасалды. Аталмыш әдістерді жасау барысындағы маңызды сұрақтардың бірі – оның тиімділігін арттыру болды.

11:55 – Президент агенттік жұмысын бастап кеткенін айтты. Президент келесі сөзді Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовке берді.

11:53Біз бәсекелестікті дамытуға бар күшімізді саламыз, – деп түйіндеді өз сөзін Жұманғарин.

11:51Биыл бәсекелестікті бағалауды енгіземіз. Бүгінгі таңда 53 оператор бар. Біз оларды құру бойынша ашық және нақты шараларды қабылдап жатырмыз. Біз мемлекет қатысатын қызметтер санын қысқартып жатырмыз, - деді Жұманғарин. 

11:49Келесі жылдан бастап жоспар бойынша жеке тасымалдау жүзеге асырылады, - деді Жұманғарин.

Ол бәсекелестік саясаттың басымдықтары туралы айтып берді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

11: 47 – Серік Жұманғарин: 

Көктемнен бастап алғашқы ашық биржалық процестер басталады. Ол үшін биржалық комитет құрылады. Биылғы жылға екі міндет тұр.

11:45 – Серік Жұманғарин

Біріншіден, бәсекелестікті дамытудың ұзақмерзімді саясаты әзірленді. Бұл саясаттың негізі сіздің бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жарлықты қабылдауыңыз болды. Ол алғаш рет бәсекелестік саясатты енгізуді елдің барлық салаларындағы басым бағыты деп жарияланды. Нәтижесінде мемлекеттік жоспарлаудың жаңа желісі мен мемлекеттік бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоспарды дайындау қарқынды жүргізілді.

11:45 – Тоқаев Президент жанындағы  жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалырына сөз берді. Баяндаманы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин оқып жатыр.

11:44 – Президент

Вакцинация өте маңызды мәселе. Азаматтарды вакцинациялауды қалай жүргізуге қатысты жан-жақты жоспар қажет.  Хаос пен ажиотаж болмас үшін ескеретін тетіктері көп. Вакцинация эпидемиологиялық жағдайды ретке келтіру керек. Алда өте үлкен жұмыс тұр.

11:43 – Цой Президенттің сұрағына жауап беріп жатыр. 

Алғашқы вакцина ресейлік өндірістегі «Спутник V» болады. Біз мұздатқыштарды сатып алдық Қазір «СҚ-Фармацияның» өңірлік филиалдарында бұл мұздатқыштар бар. Медициналық қызметкерлерді оқыту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір БАҚ-та жарияланатын түсіндіру ақпараты дайындалып жатыр, - деді ол.

11:41 – Цой: 

Биыл барлық дәрі-дәрмек сатып алуды оңтайландырып, онлайнға көшіру жоспарланып отыр. Былтыр біз отандық кәсіпорындармен 24 ұзақмерзімді келісім орнаттық.   

11:41 – Президент вакцинацияға қатысты сұрақ қойды. Ол медициналық ұйымдардың дайындығы мен азаматтар арасындағы түсіндіру жұмыстарын сұрады.

11:40 – Президент Цойға «СҚ-Фармацияның» қызметіне қатысты сұрақ қойды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

Мұрағат

11: 39 – Цой дәрі-дәрмек тапшылығы болмауы керегін айтты. Бұл мәселе қадағаланып жатқанын айтты.

11:38 – Президент

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министріне елдегі дәрі тапшылығына қатысты сұрақ қойды

11:37 – Позитивтік сценарий бойынша наурыз айының соңында тәулігіне 3 мың науқас тіркелуі мүмкін. Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 9 мың адам тіркелуі мүмкін, - деді Цой.

11:37 – Алексей Цой

2021 жылдың соңына дейін болжам жасалды. Наурыз айының соңына вирус жұқтырудың шарықтау шегі тіркелуі мүмкін.

11:36 – 1 ақпанда вакцинациялау басталады. Бастапқы кезеңде дәрігерлер мен ұстаздар, құрылымдық күш қызметкерлеріне вакцина жасалады. Вакцинация бойынша электронды паспорт енгізіледі.

11:35 – 17 млрд теңгеге барлық өңірде тұрақтандыру қорлары құрылды

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

11:33 – Цой: 

26 қаңтар бойынша 8 өңір «қызыл аймақта» тұр.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

11:32 – Келесі сөз денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға берілді

11:31 – Досаев: 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін 400 млрд теңгеге кеңейтілді. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктерге 1 трлн теңгеге 1 373 өтінім келіп түсті, банктер 516 млрд теңге қарыз берді.Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы Сіздің тапсырмаңыз бойынша 800 млрд теңгеге дейін кеңейтілді және 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды. 2020 жылы банктер 528 млрд теңге сомасына 1 393 кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырды. Жұмыспен қамту-2020 жол картасы шеңберінде бағдарламада көзделген 1 трлн теңгеден Ұлттық банк 700 млрд теңге қаржыландырды, - деп түйіндеді Досаев.

11: 27 – Ұлттық банк төрағасы: 

Жалпы Қазақстанның халықаралық резерві өткен жылы 3,1 млрд долларға артты. 

Досаев экономиканы несиелеу мәселелері туралы айтып жатыр.

11:24 - Досаев: 

2020 жылдың соңында теңге 6,1 пайызға нығайды. 2021 жылы  теңге бағамын тұрақтындыру бойынша жұмыстар жалғасады.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

11:23 - Досаев 2021 жылдың екінші жартысында Қазақстанның экономикасы тұрақталуы күтілетінін айтты. Ұлттық банк Президенттің тапсырмасы бойынша 2030 жылға дейінгі ақшалық-кредиттік жоспарын дайындады.

11: 22 – Досаев дағдарысқа қарсы шаралар туралы айтып жатыр.

Ұлттық банктің активтері жоғары деңгейде қамтамасыз етілді. Пандемия кезінде Ұлттық банк қаржы  технолигияларын белсенді түрде дамытты. Пандемия екінші соғыстан кейінгі елдердің экономикасына әсер етті. Экономика өсімі Қытайда ғана өскен. 2021 жылы әлемдік экономиканың 5,2 пайызға дейін қалпына келу күтіледі. Алайда ол неғұрлым баяу қалпына келеді деп күтілуде, - деді Досаев.

11:20 – Келесі сөз ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа берілді

11:19 - Үкімет сіздің тапсырмаңыз бойынша экономикалық тұрақтылық пен сапалы жолға шығу үшін міндетті мақсаттарды анықтайды, – деп аяқтады өз сөзін Асқар Мамин.

11:18 – Мамин: 

Халыққа тегін вакцинация жасау қамтамасыз етіледі. Өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігі артады. Аудандарды медициналық жабдықтармен қамту 70 пайызға жеткізіледі. 8 көпсалалы аурухана салу жоспарланған. Жалпы шаралар болжамы өмір сүру ұзақтығын 73,3 жасқа ұзартуға мүмкіндік береді.

11:17 – 400 жаңа балабақша ашылады. Ұлттық бірыңғай тест онлайн жүйеге көшіріледі.

11:16 – Инвестиция өсімі 72 млрд теңгені құрамақ. Үкімет халықты жұмыспен қамту бойынша міндеттерді анықтады.

1,3 млн адам жұмыспен қамтылады. «Жұмыспен қамту жол картасы» жұмысы жүзеге асырылуын жалғастырады. Бұл қосымша жұмыспен қамтуды  жалғастырады. Еңбек нарығын дамытудың 2021-2027 жылдарға арналған жоспар әзірленеді, - деді Мамин.

11:15 – Мамин экономиканы цифрландыру бойынша айтып жатыр. Жер учаскесін онлайн рәсімдеуге болады.

11:14 – «Нұрлы жол» бойынша 6 мың шақырым жол жөнделеді. Үкіметтің басты назарында тұрғын үй мәселесі тұр. Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Коммуналдық жүйлелердің ескіруі 65 пайызға дейін азайтылады.

11:11 - Мамин 1,1 трлн теңгенің инвестициялық жобасы жүзеге асырылатынын айтты. 

Туристерді тарту бойынша Түркістан-Шымкент-Ташкент темір жолын салу жоспарланған.  ЖІӨ-дегі туризм үлесі артады, - деді ол.

11:10 - Премьер-министр: 

Биыл мұнай-газ өнімдерін 12 пайызға арттыру жоспарланып отыр.  Бүгінгі таңда ЕАЭО әлеуеті толық қолданған жоқ. АӨК, машина жасау және мұнай-газ саласының әлеуетін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

11:09 - Суармалы жерлерді арттыру 13 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

11:07 –  Мамин 2021 жылы АӨК, машина жасау және өзге салалар бойынша 112 жобаны жүзеге асыру көзделіп отырғанын айтты. 

2021 жылы 126 млрд теңгенің 40-тан астам жобасы жүзеге асырылады. Субсидиялау жүйесі ашық жүзеге асырылады. 2021 жылы өндірістік өнім көлемі артып, инвестиция көлемі 3 есеге артады. АӨК әлеуетін арттыру үшін суармалы жерлердің көлемі артады, - деді ол.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

Мұрағат

11:05 – Асқар Мамин:

Инвестиция бойынша жоғары өсім Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында байқалды.

11:05 – Мамин: 

Үкіметтің басты назарында елдің стратегиялық мақсаттары мен Жолдаудағы тапсырмалар бар. Стратегиялық міндеттерді орындау бойынша 2021 жылы 7 басты бағытты дамыту мақсаты тұр.

11:04 – Премьер-министр: 

5 айдың ішінде 44 көрсеткіш орындалды. Үкімет Жолдауды жүзеге асыру бойынша әрі қарай сапалы жұмыс істейді. Көп ел инвестиция тартудың әдістерін қайта қарады. Жеке сектордың жаҺандық көрсеткіштегі үлесін арттыру бойынша мемлекеттің рөлі артып жатыр.

11:02 – Асқар Мамин:

Өңірлер бойынша өсім СҚО, Павлодар және Қостанай облыстарында байқалды. Одан кейін ШҚО  мен Шымкент қаласы тұр. Экономиканы дамыту бойынша өткен жылы 10 өңірде оң көрсеткіштер тіркелді. 4 өңір орта республикалық көрсеткіш бойынша аяқтады.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

10:57 – Асқар Мамин 2020 жылдың макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша баяндама жасап жатыр.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

10:56 – Алғашқы баяндаманы премьер-министр Асқар Мамин бастады.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

Мұрағат

10: 55 – Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Кеңейтілген отырыс онлайн өтіп жатыр. Отырысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Президент күн тәртібін таныстырып жатыр.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE


Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

10:45 -  Үкіметтің кеңейтілген отырысынан ақпарат тарату үшін «Қазмедиа орталығына» журналистер жиналды.


ЖАҢАРТУ


Өзгелердің жаңалығы