Қазақстанда ғалымдардың 40% – жастар

6 Тамыз 2019, 14:57
2495
Бөлісу:
Қазақстанда ғалымдардың 40% – жастар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов III халықаралық «Burabay Forum» форумында жас ғалымдар туралы баяндады. 

«Үш жыл бұрын еліміздің жас ғалымдары форумда бас қосып, бір-бірімен танысты. Қазір біз форумның нәтижесі ретінде жас ғалымдардың ішінде бірнеше жаңа ұйым пайда болғанын көреміз. Қор негізінде құрылған жас ғалымдар кеңесінің нәтижесін көре отырып, БҒМ жанынан жас ғалымдар кеңесін құрдық. Осы кеңес құрамына 40 жасқа келмеген жас ғалымдарды енгіздік. 10 тамызда жас ғалымдар кеңесінің алғашқы жиыны өтеді», - деді Аймағамбетов.

Білім министрі Қазақстандағы ғалымдардың 40%-ы жас ғалымдар екенін атап өтті. 

«Біреу елімізде жас ғалымдар аз дейді, біреу жастар ғылыммен айналысқысы келмейді дейді. Бірақ дәлел – ғалымдардың 40%-ы жастар. Елімізде қабылданып жатқан шаралар жастарға ғылыммен айналысуға жағдай жасайды деп ойлаймын. Жас ғалымдар өте белсенді. Олардың басын біріктіретін ұйымдар арқылы жас ғалымдардың дауысы басқалардан гөрі қатты естіледі. Олар талаптарын нақты жеткізеді және бізге нақты ұсыныстар береді», - деді министр. 

Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі қызметіне келгелі жас ғалымдармен үш рет жеке кездескенін атап өтті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада «Назарбаев орталығында» Жас ғалымдардың III Халықаралық «Byrabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» форумы басталды. Форумда 12 елдің жас ғалымдары бас қосты.

Өзгелердің жаңалығы