Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әйелін жылдар бойы ұрып келген деп кінәланған экс-дипломаттың соты басталды

10 Маусым 2025, 11:55
768
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Астанада экс-дипломат Сәкен Мамаштың ісіне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі болған Сәкен Мамашқа әйелін жылдар бойы ұрып келді деген айып тағылған. 

Желіде оқиға жария болған соң отбасы шұғыл түрде елге қайтарылған. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Былтыр сот Мамашты денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 15 күнге қамаған еді. Биыл ол қылмыстық іс аясында қайтадан қамауға алынды. 
Істі Астана қалалық ауданаралық қылмыстық істер соты қарап жатыр. 

Сәкен Мамаш пен Карина Мамаш сот процесін фото, видеоға түсіруге қарсы шықты. 

Сондай-ақ жәбірленуші тарап сот отырысын ашық өткізуге қарсы екенін мәлімдеді. 

Өміріміздің жеке тұстарын жария еткім келмейді. Екі балам бар, солардың психологиялық денсаулығы үшін қорқамын, - деп талап етті Карина Мамаш. 

Судья Артур Абдыханов Карина Мамаштың өтінішін жартылай ғана қанағаттандырды. 

Бұл дегеніміз – процестің жартысы, яғни процессуалдық сәттерді талқылайтын дайындық бөлігі ашық өтеді. Ал тараптардың жауаптары мен жеке деректер БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтеді деген шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы