Әйелін соқты деп кінәланған экс-дипломат қамауға алынды

4 Сәуір 2025, 11:01
908
Бөлісу:
 ktk.kz
Фото: ktk.kz

Астана қаласының Полиция департаменті бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарының егжей-тегжейін хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі редакция сауалына берген жауабында құқық қорғау органдары өткен жылы Қазақстанның шет елдегі елшілігінде кеңесші болған Сәкен Мамашқа қатысты жұбайын жүйелі түрде соққыға жыққаны үшін қылмыстық іс қозғағанын еске салды.

Полиция арнайы тергеу-жедел тобы құрылып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар кешені жүргізілді. Айтарлықтай дәлелдеме базасы жиналып, бекітілді, – делінген департамент хабарламасында.

Тергеу қорытындысы бойынша, тергеу соты күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы басқа мәліметтер жария етілмейді, - деп атап өтті ведомство.

Еске салайық, 2024 жылғы мамырда әлеуметтік желі парақшасында БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Сәкен Мамаш жұбайын жүйелі түрде ұрып-соғатыны туралы ақпарат жарияланған болатын. Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға жауап ретінде дипломатты шұғыл түрде елге қайтарылатынын мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы