Айдос Сарым Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты

4 Мамыр 2022, 10:15
1570
Бөлісу:
Айдос Сарым Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Әміроллаұлы Сарымның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты.     

«Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңның 17-бабына сәйкес Парламент Мәжілісі депутаты Айдос Әміроллаұлы Сарымнан Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысуы туралы өтініші келіп түсті. Осыған байланысты Мәжілістің депутаты Айдос Әміроллаұлы Сарымның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысу туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынамын, - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар осы мәселе бойынша тиісті қаулыны қабылдады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжілістің депутаттық корпус қатарына жаңадан депутат қосылғанын хабарладық. Конституциямызға сәйкес Парламенттің жаңа сайланған депутаты Зәкіржан Кузиев Қазақстан халқына ант береді

Өзгелердің жаңалығы