-
-
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді
Ол азаматтардың сайлауға қатысуы және азаматтық жауапкершілік танытуы аса маңызды екенін атап өтті.
23.08.2026
-
Еуропаның алты елі мұнай компанияларының үстеме табысына салық енгізуді ұсынды
Алты елдің қаржы және экономика министрлері бастаманы Еуроодақ деңгейінде қарауды ұсынып, мәселені келесі қаржы министрлері кездесуінің күн тәртібіне енгізуге шақырды. Кездесу келесі айда Дублинде өтеді.
23.08.2026
-
Жұлдыз Сүлейменова елордадағы №128 учаскеде дауыс берді
№128 сайлау учаскесінде 1 782 сайлаушы тіркелген.
23.08.2026
-
Астанада спортпен шұғылданып, демалуға арналған жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
Абаттандыру жұмысы аясында аумаққа 900 шаршы метр төсемтас төселіп, үш көлеңкелі бастырма, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Сонымен қатар 19 жарық шамы қойылды. Оның 15-і саябақ шамы болса, төртеуі – көше шамы. Футбол алаңы мен воркаут аймағы да жабдықталды. Аумақты көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Барлығы 200 ағаш отырғызу жоспарланған, қазір оның 60-ы егілді.
23.08.2026
-
Астанада Құрылтай сайлауына арналған 517 учаске жұмысын бастады
Сайлау учаскелерінде азаматтардың барлық санатына, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға дауыс беру үшін қажетті жағдай жасалған.
23.08.2026
-
Эболаға қарсы алғашқы вакцина партиясы Конго Демократиялық Республикасына жеткізілді
Эбола індеті КДР мен Угандада 15 мамырда басталған. Қазір вирус Конгоның алты провинциясында тіркелген, ал індеттің ошағы Итури провинциясында орналасқан.
23.08.2026
-
Ұлттық ұланның 36 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды
Алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков дауыс берді.
23.08.2026
-
Бүгін – Құрылтай сайлауына дауыс беру күні
Әр азамат сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау арқылы елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіре алады.
23.08.2026
-
Сингапур, Индонезия және Вьетнамдағы қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беріп жатыр
Жалпы, Құрылтай сайлауы 10 423 сайлау учаскесінде өтуде. Оның ішінде 61 шет мемлекеттегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанында 79 учаске жұмыс істеп жатыр.
23.08.2026
-
Құрылтай сайлауы Қытайда да басталды
Дауыс беруге Қытай Халық Республикасының аумағында тұратын немесе уақытша жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алады.
23.08.2026
-
АҚШ соты 75 ел азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімді жойды
АҚШ Мемлекеттік департаменті 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап 75 ел азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатқан еді. Тізімге Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Армения және басқа да мемлекеттер кірген.
23.08.2026
-
Құрылтай сайлауы: Малайзияда №423 учаске жұмысын бастады
Бұған дейін екі елдегі отандастарымыз дауыс берді.
23.08.2026
-
Құрылтай сайлауы: Токио мен Сеулдегі қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып дауыс берді
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, алдымен Сеулдегі №422 сайлау учаскесі, кейін Токиодағы №425 учаске өз жұмысын бастады.
23.08.2026
-
Алматыда дағдарыс орталығы бар жаңартылған Студенттер үйі ашылды
Оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған студенттерді уақытша орналастыру тетіктері де жетілдірілуде.
23.08.2026
-
Қазақстанда құны 108 млрд теңге болатын 51 медициналық нысан салынуда
2023–2025 жылдар аралығында және 2026 жылдың алғашқы жартысында ауылдық медициналық ұйымдарға 1735 маман жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 722 дәрігер және 1013 орта буын медицина қызметкері бар.
23.08.2026
-
Жетісу облысында құтқарушылар таулы жерде туристі тапты
Құтқарушылар ер адамды қауіпсіз жерге жеткізіп, кейін таудың етегінде қалдырылған автокөлігіне дейін алып барды.
23.08.2026
-
Қазақстан жеңіл атлетика командасының Орталық Азия чемпионатына қатысатын құрама белгілі болды
Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын Қазақстан Ұлттық командасының тізімінде жалпы саны 45 атлет (24 ер, 21 әйел) бар. Қазақстан намысын биіктікке секіруден, 3 қарғып секіруден, қысқа қашықтықтарға жүгіруден тәжірибелі отандастарымыз қорғайды.
22.08.2026
-
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Астана мен бірқатар өңірде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.
22.08.2026
-
Орталық Қазақстанда Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді
Бұл – халықаралық реинтродукция бағдарламасы аясында Қазақстанға әкелінген жылқылардан алынған алғашқы төл.
22.08.2026
-
Қызылордада баспана кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтердің кілті табысталды
2026-2027 жылдары 6200-ден астам пәтер табысталып, 25 мыңға жуық тұрғынның баспана мәселесін шешу жоспарлануда.
22.08.2026
Наверх