-
-
Коронавирус. Шыңжаңда соңғы 5 айда алғаш рет науқас тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында бір адам коронавирус жұқтырды, тағы үш адамнан індеттің симптомсыз түрі табылды.
16.07.2020
-
Армения мен Әзербайжан шекарасында атыс қайта жалғасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армения және Әзербайжан арасындағы атыс 16 шілде күні қайта жалғасты. Екі тарап елдімекендерге шабуылға бір-бірін айыптады.
16.07.2020
-
Әбдіқалықова Шиелі ауданының ахуалымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Шиелі ауданына барды. Сапар барысында эпидемиологиялық жағдаймен танысып, медицина саласында атқарылып жатқан жұмыстарды және "Жұмыспен қамту жол картасы" мемлекеттік бағдарламасының орындалуын тексерді.
16.07.2020
-
Коронавируспен күрес. Ресейлік дәрігерлер Алматы облысының аудандарын аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеулік медицина мамандары Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарының орталық аудандық ауруханаларында болды.
16.07.2020
-
Жас кәсіпкерлерді қолдау грантына өтініш қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы әкімінің жас кәсіпкерлерді қолдау бойынша гранттары жарияланды. Бұл туралы өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
16.07.2020
-
Мақтаарал. Зардап шеккен отбасыларға көмек беру жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен 5 ауылдың 930-ға жуық отбасысы облыстық штаб қоймасындағы азық-түлікпен толық қамтамасыз етіліп отыр.
16.07.2020
-
Коронавируспен күрес. ТМД және Моңғолия тәжірибесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейнеконференция арқылы өткен кездесу барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер мен Моңғолияның еңбек инспекциясы өңірлік альянсының еңбек инспекцияларының өкілдері 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру және COVID-19 таралуы аясында қабылданған шараларды талқылады.
16.07.2020
-
Еліміздегі металлургия өндірісінің көлемі артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,1%-ға өсті. Оң нәтиже тау-кен өндіру секторында 2,2%-ға, өңдеу секторында 4,8%-ға байқалады.
16.07.2020
-
Түркістан облысында дәрі-дәрмектің заңсыз саудасы тыйылмай тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында полицейлер заңсыз, үстеме бағамен дәрі сатудың 20-ға жуық жайтын анықтады.
16.07.2020
-
"Орталық Азия - Қытай" саяси диалогы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді "Орталық Азия - Қытай" жоғары деңгейдегі бірінші отырысына қатысты.
16.07.2020
-
2025 жылға қарай көлеңкелі экономика үлесі 20%-дан төмен болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдегі көлеңкелі экономиканың орташа үлесі - 27,8%. Көлеңкелі экономиканы төмендету үшін Үкімет бірқатар шараны қабылдап жатыр. Елімізде көлеңкелі экономика үлесі 2017 жылғы 27%-дан 2019 жылы 23,6%-ға дейін қысқарды. Толығырақ ақпаратты ұсынылған инфографикадан көре аласыз.
16.07.2020
-
Заңсыз балық аулағандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Браконьерлер табиғатты қорғау полициясы мен Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті қызметкерлерінің бірлескен рейді барысында ұсталды, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
16.07.2020
-
Ақтау әкімдігі тәулік бойы кезекшілік атқаруда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қалалық әкімдігінің қызметкерлері бірнеше аптадан бері қалалық провизорлық стационарлар орналасқан қалашықта кезекшілік атқаруда.
16.07.2020
-
Қазақстан мен Корея денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-сок мырзамен онлайн-кеңес өткізді.
16.07.2020
-
"Жолда қабылдау" акциясы жалғасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша "Жолда қабылдау" кең ауқымды акциясы жалғасуда, оның кезекті кезеңі 17-18 шілде өтеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
16.07.2020
-
Ералы Тоғжанов елордадағы медицина мекемелерін тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елордадағы медициналық мекемелерге барып, ҚР Президентінің нұсқаулары мен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдерінің орындалу барысын тексерді.
16.07.2020
-
Атырауда спорт дәрігерлері де көмекке келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстық аурухана жанындағы провизорлық стационарға көмекке келген облыстық спорт басқармасының жиырма медициналық мамандары және Атырау қаласының жастары бастаған еріктілермен кездесті, деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.
16.07.2020
-
Данияр Елеусінов рингке оралуға дайындалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) рингке оралуға дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
16.07.2020
-
Шымкент: Пневмониямен күресте ЭКМО аппараты қолданылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы кардиологиялық орталықта пневмонияға шалдығып, денсаулығы күрт төмендеген науқастарды экстракорпоральді мембраналы оксигенациялық (ЭКМО) аппаратына қосып емдеп отыр, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
16.07.2020
-
Жыл басынан бері 64 келі есірткі заттары тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінде департамент бастығы, полиция полковнигі Оңал Бекеевтің төрағалық етуімен селекторлық режимде жедел кеңес өткізіліп, ведомствоның 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы талқыланды.
16.07.2020
Наверх