Еліміздегі металлургия өндірісінің көлемі артқан

16 Шілде 2020, 21:48
2665
Бөлісу:
Еліміздегі металлургия өндірісінің көлемі артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,1%-ға өсті. Оң нәтиже тау-кен өндіру секторында 2,2%-ға, өңдеу секторында 4,8%-ға байқалады.

Қазақстан - көптеген шикізат тауарларын және металл өндіру көрсеткіші бойынша әлемде жетекші орынға ие. Минералдардың таралуы, қоры және ресурстары елімізде пайдалы қазбаларды әзірлеу мен өндіруді кеңейтуге мүмкіндігі мол екенін дәлелдейді. 

Жыл басынан бері тау-кен өндіру секторында түсті кен өндіру 3,4%-ға артты. Темір кенін өндірудің өсімі өнімді дәстүрлі нарықтардан Қытайға бағыттау арқылы 4,7% артқан. Сондай-ақ, "ССКӨБ" АҚ (+2%), "Өркен" ЖШС (+19%), "Bapy Mining" ЖШС (+6%) кәсіпорындарында өндіріс көлемі ұлғайған.

Түсті металлургияда өндіріс көлемі 5,8%-ға арқан, тазартылған мыс өндіру көрсеткіші 13%-ға, құйма алтын 23,7%-ға, түйіршіктердегі күміс 23,5%-ға, мыс сымы 6%-ға өскен. Болат (-6%), рельстер (-12%), болат құбырлар (- 11%) өндірісі көлемінің төмендеуі орын алды.

Өзгелердің жаңалығы