Қазақстан мен Корея денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

16 Шілде 2020, 20:14
1238
Бөлісу:
Қазақстан мен Корея денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-сок мырзамен онлайн-кеңес өткізді.

Кездесу барысында тараптар екі елдегі эпидемиологиялық жағдайды, пандемияның даму ерекшеліктерін және коронавирус жұқтырған пациенттерге медициналық көмек көрсету, Қазақстан мен Кореяның ынтымақтастығына қатысты өзекті мәселелерді, оның ішінде денсаулық сақтау, медициналық білім және ғылым саласындағы тәжірибе мен білім алмасуды талқылады.

Корей тарапы COVID-9 қарсы күрестегі тәжірибесімен және инфекциялық аурулардың болашақта өршіп кетуіне жол бермеу қою үшін денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша шаралармен бөлісті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Алексей Цойдың айтуынша, халықаралық ынтымақтастық пен өзара қолдау COVID-19 қарсы күресте үлкен маңызға ие. Кореяның коронавируспен күресте тәжірибесі мол, сондықтан ынтымақтастық пандемияға байланысты туындаған бірқатар проблеманы шешуге, әсіресе COVID-19 бақылау ісінде білім мен озық практика алмасуға көмектеседі.

Кездесу қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Корей ынтымақтастығын одан әрі дамыту, атап айтқанда COVID-19 бойынша әдіснама, жағдайды болжау, модельдеу және онлайн режимде мамандарды оқыту семинарларын өткізу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, тараптар екіжақты ынтымақтастықты қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларға стратегиялық дамыту туралы шешім қабылдады, бұл сөзсіз өзара тиімді әріптестікке серпін береді.

Өзгелердің жаңалығы