Жас кәсіпкерлерді қолдау грантына өтініш қабылдау басталды

16 Шілде 2020, 22:34
1936
Бөлісу:
Жас кәсіпкерлерді қолдау грантына өтініш қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы әкімінің жас кәсіпкерлерді қолдау бойынша гранттары жарияланды. Бұл туралы өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қазіргі уақыттағы ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шеше отырып, сондай-ақ пандемиямен күресе жүріп, іске асырылып жатқан бұл жұмыстардың барлығы еліміздің жеткіншектері мен жастарының болашағын жарқын етуге бағытталып жатқандығын атап өткен орынды. Оларға қазіргі уақытта бағыт-бағдар беру аса маңызды. Дағдарыс кезеңі әлі аяқталмағанымен ол жастарымызға жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Алдағы уақытта дүниенің қандай болатыны жастарымызға тікелей байланысты - деді Жеңіс Қасымбек.

Қазір жастар түрлі технологияларды жете меңгеріп, экология мен мәдениетке өздерінің прогрессивті көзқарастарымен және іскерлік дағдыларымен танылуда. 

Олардың құндылықтары мейірім мен жауапкершіліктен бастау алады. Биылғы жыл жастардың волонтерлік қозғалысының қандай күшке ие екенін көрсетті. Өткен жылы жастармен кездесу барысында мен 2020 жылы жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған гранттардың санын 10 есе өсіретінімізге уәде берген болатынмын. Дегенмен уақыт бұл жұмыстарға өз түзетулерін енгізді. Гранттық бағдарламаны іске асыру біршама ұзаққа созылды. Бұл ретте жағымды жаңалықтың бірі биылғы жылы жоспарланған 100 гранттың орнына 255 грант берілетін болды! - деді әкім.

Халықаралық қайта құру және даму банкінің арқасында облысымыздың 527 жас азаматы командаларға бірігіп, Zhas Project байқауының барлық кезеңдерінен өтіп, өздерінің әлеуметтік маңызды идеяларын жүзеге асыру үшін 1 млн теңгеге дейінгі мөлшерде гранттар алды. 

Сонымен қатар, олар 40 000 және 60 000 теңге көлемінде стипендия алатын болады. Бұл ретте басымдылық оқымайтын және жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен жастарға берілді. Жобаның 5 айында балалар өмірлік маңызды дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бойынша оқытудан өтеді. Сондай-ақ көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге үйренеді. Енді облыс әкімінің гранттары туралы қысқаша тоқталып өтсем. Біз жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға 100 млн теңге бөлдік. Оларды Қарағанды облысының 18-28 жас аралығындағы 100 жас кәсіпкер алады. Құжаттар пакеті шағын, сондай-ақ орындалатын бизнес-жоспар мен идея аса маңызды. Оның іске асырылуы сізге және сіздің ауданыңызға, ауылыңызға немесе қалаңызға пайдалы болуы керек. Байқаудың ашықтығын және қатысушылардың іріктеудің барлық өлшемдеріне сәйкес болуын тікелей өзім бақылайтын боламын. Осы гранттардың арқасында облыс картасында адал бизнес пен жұмысшыларға тиісті әділ жалақы төлейтін және қоғамға шынайы қызмет етудің үлгісі бола алатын жаңа компаниялар пайда болады деп үміттенемін. Гранттық бағдарламаны жүзеге асырумен Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы айналысады. Барлық жастарға сәттілік тілеймін! - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы