Коронавирус. Шыңжаңда соңғы 5 айда алғаш рет науқас тіркелді

16 Шілде 2020, 23:46
1448
Бөлісу:
Коронавирус. Шыңжаңда соңғы 5 айда алғаш рет науқас тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында бір адам коронавирус жұқтырды, тағы үш адамнан індеттің симптомсыз түрі табылды.

ҚазАқпарат ХАА-ның хабарлауынша, науқас - автономиялық ауданның астанасы Үрімші қаласының Тянь-Шан ауданында тұратын 24 жастағы әйел. 

Ол 10 шілдеде коронавирус инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Сәрсенбіде оның COVID-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Жергілікті БАҚ хабарлауынша, Шыңжанда соңғы 145 күн бойы бір де бір адам коронавирус жұқтырмаған - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында COVID-19 инфекциясына шалдыққан алғашқы сырқат 23 қаңтарда тіркелген. 

Жалпы, аймақта 76 адамнан індет табылған.

Өзгелердің жаңалығы