Әуежайдағы бақылау 50 секундқа дейін қысқарады 

Биыл Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау әуежайларында тағы 16 терминал орнату жоспарланып отыр.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Кеше 2026, 12:05
Кеше 2026, 12:05
363
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында авиациядағы цифрландыру жұмыстарына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Министрдің сөзінше, Q-Gate жүйесі (паспорттық бақылаудан өздігінен өтуге арналған автоматтандырылған мультибиометриялық терминал) бақылаудан өту уақытын 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқартады.

Қазіргі уақытта Астана мен Алматы әуежайларында 16 терминал жұмыс істеп тұр. Биыл Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау әуежайларында тағы 16 терминал орнату жоспарланып отыр. Әр әуежайға төрт терминалдан қойылады, – дейді Сауранбаев.

Сауранбаевтың сөзінше, келесі кезеңде ішкі әуе рейстерінде биометриялық жүйені енгізу жоспарланып отыр. Пилоттық жоба Астана – Шымкент бағыты бойынша іске асырылады.

Жүк сегментінде e-Freight жүйесі енгізілуде. Бұл жүк өңдеу уақытын 1 күннен 1 сағатқа дейін қысқартуға және процестерді толық цифрландыруға мүмкіндік береді, – дейді министр.

Еске салайық,  бұған дейін Ресейге салынған санкциялар Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашуға кедергі болып отырғаны хабарланды

Қазақстандық авиакомпаниялардың паркіне тағы 6 ұшақ қосылатыны айтылды

Сондай-ақ, Қатон-Қарағай, Зайсан және Кендірліде аэропорт салынуда

Белгілі болғандай, Қазақстанда 4 жаңа халықаралық рейс ашылды.

Әуе компаниясының басшысы АҚШ-қа рейс қай қаладан ашылуы мүмкін екенін айтты

Наверх