Қазақстандық авиакомпаниялардың паркіне осы жылдың соңына дейін тағы 6 ұшақ қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты.
Қазір әлемдік авиациядағы басты мәселелердің бірі - ұшақ жетіспеушілігі. Жаңа самолётты күту өте ұзақ: мысалы, бүгін тапсырыс берсе, оны тек 8–10 жылдан кейін алады. Өткен жылы өздеріңіз көргендей Америкада Boeing компаниясымен отандық компаниялар 15 млрд долларға келісімге отырды. 2026 жылы 3 самолет сатып алынды, онын ішінде өзіңіз білетіндей осыдан бір ай бұрын «Scat» авиакомпаниясына бір күнде 2 жаңа заманауи Boeing келген еді. Осы жылдың аяғына дейін қазақстандық авиакомпаниялардың паркіне тағы 6 самолет қосылады, - дейді министр Үкімет отырысында.
Сауранбаев қазір азаматтық авиация саласының дамуына қажетті негізгі институцианалдық база толықтай қалыптасқанын атап өтті. Министрдің айтуынша, Қазақстан ИКАО талаптарына жоғары деңгейде сәйкес келеді.
Қазақстан ИКАО талаптарына жоғары деңгейде сәйкес келеді. Аэропорт қауіпсіздігі 95,7%, авиакомпаниялардың қауіпсіздік деңгейі - 82%. Осы нәтижелердің арқасында еліміз авиациялық қауіпсіздік бойынша әлемдегі ең үздік 20 мемлекеттің қатарына кірді. Қауіпсіздікті одан әрі арттыру мақсатында Әуе апаттарын тергеу орталығы құрылды. Авиациялық әкімшілікке халықаралық деңгейдегі сарапшылар тартылды. ИКАО-мен бірлесіп 2050 жылға дейінгі Мастер-план әзірленуде, оны осы жылдың соңына дейін қабылдаймыз, - дейді ведомство басшысы.