Оқиға 29 мамырда таңғы сағат 6:30 шамасында «Индер – Қарабау» автожолының 15-шақырымында болған.
Атырау облысы полиция департаментінен мәлім еткендей, «Индер – Қарабау» тасжолының 15-шақырымында Hyundai Sonata маркалы автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай жол жиегіне аударылған.
Жол апаты салдарынан 42 жастағы жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Өскеменде бір топ жасөспірім велосипедшіні көлік қаққаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Алматыда үш адамның өліміне кінәлі күдікті көзіне жас алып кешірім сұрады
Астанада жүк көлігі баланы қағып кетті
Туысынан алған Porsche: Петропавлда жүргізуші 12 жастағы оқушыны қағып өлтірді