Алматыда үш адамның өліміне кінәлі күдікті көзіне жас алып кешірім сұрады

Күдікті үш кәмелетке толмаған баласы барын айтты. 

Бүгiн 2026, 16:22
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев Бүгiн 2026, 16:22
Бүгiн 2026, 16:22
81
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы байланысты сот отырысының алдын ала тыңдауында күдікті жәбірленуші тараптан кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Күдікті бұған дейін жәбірленуші тараптан кешірім сұрайтын мүмкіндігі болмағанын айтты.

Заң бойынша жазамды алуға дайынмын. Ешбір сөз марқұмдарды қайтара алмайтынын түсінемін. Қолымнан келгенше көмектесуге дайынмын. Өзімді кешіре алмаймын. Сіздерді де ұмытпаймын, - дейді күдікті. 

Еске салайық, бүгін Алматыда жол апатына қатысты алдын ала тыңдау өтіп жатыр. Күдіктінің қорғаушы тарапы сот процесін қашықтан онлайн өткізуді, БАҚ өкілдеріне фото және видео түсірілім жасауға тыйым салуын сұрады. Күдікті үш кәмелетке толмаған баласы барын айтты. 

Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда 3 адам қаза тапқан жол апаты бойынша айыптау актісі оқылды.

Қайғылы оқиға 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні болған. Тергеу мәліметіне сәйкес, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Zeekr жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін оның жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталып, тергеу изоляторына қамалды.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апатына қатысты қазақстандықтар ашық сотты талап етті.

Аталған жол апаты оқиғасынан кейін бірқатар басшы қызметінен босатылды. Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне полиция полковнигі Ғалым Сарғұлов тағайындалды.

Наверх