Ақмола облысында көкпар кезінде жасөспірім қаза тапты.
Кәмелетке толмаған баланың өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала анықтама бойынша, қайғылы оқиға 26 мамырда Целиноград ауданында көкпар ұлттық ойынына жаттығу кезінде болған. 2012 жылы туған кәмелетке толмаған бала аттан құлап, көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Тергеу іс-шаралары шеңберінде жаттығуды ұйымдастырушылардың және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады, - деп хабарлады Ақмола оьлысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде аттан құлап, мүгедек болып қалған тұрғынға 12 млн теңгеден астам өтемақы төленетіні хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Тараз көшесінде атпен шапқан бала көлікке соғылды
Көкпар кезінде жол талғамайтын көлікпен аттарды қаққан жүргізуші ұсталды
Алматы орталығында түнгі уақытта шабыс ұйымдастырған салт аттылар жазаланды