Астанада көпірде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды

Көлік жолақ ауыстыру кезіндегі қателіктен кейін аударылды.

 видеодан скриншот 30 Шілде 2026, 13:07
30 Шілде 2026, 13:07
359
Фото: видеодан скриншот

Астанада жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан жеңіл автокөліктердің бірі аударылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, 19 жастағы Hyundai Elantra жүргізушісі Қошқарбаев даңғылы жағынан көпірмен оң жақ шеткі жолақта келе жатып, сол жақ жолаққа ауысу кезінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, өзімен бір бағытта келе жатқан Geely Emgrand автокөлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан Geely Emgrand автокөлігі инерциямен аударылып кеткен. Оның жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне жіберілді. Hyundai Elantra автокөлігі мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Астана қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Жолақ ауыстырмас бұрын маневрдің қауіпсіз екеніне алдын ала көз жеткізіп, өзге жол қозғалысына қатысушыларға кедергі келтірмейтініңізге көз жеткізіңіз. Рөлдегі кез келген сәттік салғырттық жол-көлік оқиғасына және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, - делінген ескертуде. 

Еске салайық, бұған дейін Астанадан бес көлікті соғып, қашып кеткен тұрғын 30 тәулікке қамалды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Павлодар облысында жол ережесін бұзған 83 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды

Алматыда жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

 

 

Наверх