Тағы бір маңызды кездесу: Тоқаев пен Рахмон серіктестікті кеңейтуді талқылады

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді.

 Ақорданың баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 19:47
Бүгiн 2026, 19:47
170
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Мемлекеттер басшылары қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейін көтеруге келісті.

Әңгімелесу барысында сауда-экономика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыру маңызды екенін атап өтті, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, бүгін таңертең Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүхті салтанатты түрде қарсы алды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Тоқаев: Қазақстан Моңғолиямен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән береді 

Қазақстанда білім алуға ниетті моңғол жастарына есігіміз әрдайым ашық – Тоқаев 

Моңғолия президенті: Біз киіз тұғырлықты ағайынбыз 

 

 

 

Наверх