Қазақстанда білім алуға ниетті моңғол жастарына есігіміз әрдайым ашық – Тоқаев

Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық байланыс қос халықтың достығын бекемдей түсуге оң ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Бүгiн 2026, 12:31
АВТОР
 Ақорданың баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 12:31
Бүгiн 2026, 12:31
99
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүхпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдени-гуманитарлық байланыс қос халықтың достығын бекемдей түсуге оң ықпал етіп отыр. Біз Астана мен Улан-Батор арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта жандандыруға келістік. Білім, мәдениет және туризм салаларындағы жетістіктеріміз де аз емес. Қазақстанда білім алуға ниеті бар моңғол жастарына есігіміз әрдайым ашық. Жақында Улан-Баторда бокстан Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі дода кезінде қазақ спортшыларына қонақжайлық көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын, - деді Тоқаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Моңғолия президентін қарсы алды

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан Моңғолиямен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беретінін айтты.

Наверх