Астанада «Хан Шатыр» өртеніп жатқаны рас па

16 Ақпан 2024, 00:28
15341
Бөлісу:
Астанада «Хан Шатыр» өртеніп жатқаны рас па
Фото: BAQ.KZ архив

Желіде Астанада «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы өртеніп жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алайда қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растамады.

15 ақпанда сағат 23-35-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37, "Хан Шатыр "СОО мекенжайына шақыртудың жоғары нөмірі бойынша шықты. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша ғимаратты дереу барлауға кірісті. Барлау қорытындысы бойынша жану фактісі расталмады, сауда-ойын-сауық орталығы ғимаратының сыртындағы шыңында булану орын алған, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртке оранған болатын. Көпқабатты үйден 30 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Өзгелердің жаңалығы