Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртке оранды

15 Ақпан 2024, 20:15
562
Бөлісу:
Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртке оранды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астанада көпқабатты тұрғын үйде пәтерден өрт шықты. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

15 ақпан күні сағат 18:21-де Астана қаласы Төтенше жағдай департаменті бөлімшесі Тәуелсіздік даңғылы, 21 мекенжайына барды. 8 минуттан кейін өрт сөндірушілер пәтердің өртеніп жатқанын анықтады. Пәтерден автокөлік сатысының көмегімен әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, - деді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртке оранды

Өртпен күреске 26 маман және 7 техника жұмылдырылды.

Пәтердің ас бөлмесінің (15 шаршы метр) төбесі, жиһаз (диван) және басқа да заттар жанған. Өрт сөндірушілер 30 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Олардың арасында 3 адам, 12 бала және 1 сәби бар. Құтқарылған 3 адамды жедел жәрдем бригадасы тексеріп жатыр, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы