Қайғылы жағдай елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болды. Алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмды.
Астана қаласының полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Баланың терезеден құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 4 жасар бала 7-қабаттың терезесінен құлап кетіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция департаменті ата-аналарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттілігін ескертеді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда терезеден құлағалы тұрған бала құтқарылды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Жатақхананың 5-қабатынан құлаған: Қарағандыда шетелдік студент мерт болды
Қарағандыда көпқабатты үйдің терезесінен екі бүлдіршін құлап кетті
Маңғыстау полициясы "терезеден секірмек болды" деген қызға қатысты түсініктеме берді