Ата-анасы үйде болмаған: Алматыда терезеден құлағалы тұрған бала құтқарылды

Шамамен 5 жастағы бала полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

 ТЖМ баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 21:19
Бүгiн 2026, 21:19
140
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарушыларға Алматы қаласының Алатау ауданындағы Мәдениет ықшам ауданында көпқабатты тұрғын үйде кішкентай баланың терезе жанында жалғыз отырғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар автосатының көмегімен алтыншы қабаттағы пәтер терезесіне көтеріліп, құлау қаупі бар баланы қауіпсіз түрде ішке алып кірді.

Белгілі болғандай, пәтер есігі құлыптаулы болған, ал ата-анасы үйде болмаған. Шамамен 5 жастағы бала полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға және терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатуға кеңес береді.

Наверх