Маңғыстау полициясы"терезеден секірмек болды" деген қызға қатысты түсініктеме берді

Тексеру барысында кәмелетке толмаған қыздың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп болмағаны анықталды.

 lada.kz Бүгiн 2026, 22:24
Бүгiн 2026, 22:24
138
Фото: lada.kz

Маңғыстау облысы полициясы әлеуметтік желіде тараған кәмелетке толмаған қызға қатысты оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, 7 мамыр күні сағат 01:49 шамасында «102» арнасына тұрғындардың бірінен хабарлама түскен. Онда 33-шағын аудан аумағындағы пәтер терезесінің жанында тұрған қыздың қауіпті жағдайда болуы мүмкін екені айтылған.

Оқиға орнына «Мираж-15» экипажының инспекторлары жедел жеткен. Құтқарушылармен бірлескен жұмыстар барысында арнайы техника мен автосатылардың көмегімен пәтерге кіру қамтамасыз етілді.

Тексеру барысында кәмелетке толмаған қыздың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп болмағаны анықталды. Соған қарамастан, төтенше жағдай қызметтері ықтимал қауіптің алдын алу мақсатында қажетті шараларды қабылдаған.

Оқиғадан кейін қыз ата-анасына тапсырылды. Полиция дер кезінде хабар берген тұрғынға алғыс білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде бесінші қабаттағы терезе маңында тұрған қыздың видеосы тараған еді. Оқиға орнына құтқару техникасы тартылған болатын.

Наверх