Мәулен Әшімбаев жаңа орынбасарын сайлап алды

1 Қыркүйек 2020, 13:30
1398
Бөлісу:
Мәулен Әшімбаев жаңа орынбасарын сайлап алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенаттың жаңа сессиясының алғашқы отырысында төрағаның орынбасары сайланды.

Осыған дейін Мәжіліс депутаты болған Нұрлан Әбдіров енді төраға Мәулен Әшімбаевтың орынбасары қызметін атқарады.

ҚР Президентінің жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабына сәйкес, Сенат төрағасының орынбасары лауазымына сенатор Нұрлан Әбдіровті ұсынамын. Өздеріңізге белгілі, Нұрлан Мәжитұлы - тәжірибелі және білікті маман. Әділет министрлігінде және қауіпсіздік кеңесінде жауапты қызметтер атқарды. Бүгінге дейін Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы ретінде табысты еңбек етіп келді, - деді Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде сенаторлар дауыс беру арқылы бір ауыздан Нұрлан Әбдіровтің кандидатурасын қолдады.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жаңа сессиясындағы алғашқы отырысында комитет төрағалары сайланды. Ал Мұхтар Құл-Мұхаммед бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды

Өзгелердің жаңалығы