Мұхтар Құл-Мұхаммед бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды

1 Қыркүйек 2020, 13:24
7074
Бөлісу:
Мұхтар Құл-Мұхаммед бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жаңа сессиясындағы алғашқы отырысында комитет төрағалары сайланды.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағалығына Мұхтар Құл-Мұхаммедті ұсынамын. Мұхтар Абрарұлы – өте тәжірибелі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, - деді сенатор Дана Нұржігіт.

Сөйтіп, депутаттардың дауыс беруімен, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасы болып Мұхтар Құл-Мұхаммед қайта сайланды. 

Ал өзге комитеттердің төрағалары болып, мына депутаттар сайланды:

Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы – Ольга Перепичина;

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы – Владимир Волков;

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы – Дәурен Әділбеков;

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы – Мұрат Бақтияров;

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы – Әли Бектаев.

Өзгелердің жаңалығы