Әшімбаев: Сенат бірлікті нығайтуды көздейтін шараларды іске асыруға үлесін қоса береді

27 Сәуір 2023, 15:43
933
Бөлісу:
Әшімбаев: Сенат бірлікті нығайтуды көздейтін шараларды іске асыруға үлесін қоса береді
Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында палата спикері Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Президенттің қатысуымен ҚХА сессиясының жалпы отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге арналған бірқатар міндетке тоқталды. Сенат үшін бұл сала басым бағыттардың бірі. Қазіргі таңда ҚХА өкілдері, 5 әріптесіміз және басқа да сенаторлар этносаралық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған жұмыстарға белсенді қатысып келеді, - деді Сенат спикері.

Әшімбаев Сенат алдағы уақытта да қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайтуды көздейтін шараларды іске асыруға өз үлесін қоса беретінін айтты.

Осы жолда бәріміз бірлесіп нәтижелі еңбек етеміз деп сенемін, - деп айтты Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Айта кетейік, бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ҚХА-ның Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының пленарлық отырысы өтті. Шара барысында Президент халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар азаматты марапаттады.

Өзгелердің жаңалығы