Ассамблея сессиясында бірқатар азамат марапатталды

27 Сәуір 2023, 12:08
956
Бөлісу:
Ассамблея сессиясында бірқатар азамат марапатталды

ҚХА-ның «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар азаматты марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

II дәрежелі «Достық» орденімен:

Ким Гера, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Азия зерттеулер институтының директоры;

Ким Константин Станиславович, «Коре ильбо» республикалық газетінің бас редакторы.

«Құрмет» орденімен:

Бугинас Бронислав Казисович, «Lituanica» литвалықтар ҚБ мүшесі;

Микаелян Наринэ Гамлетовна, «Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» РҚБ төрағасының орынбасары.

«Шапағат» медалімен:

Кан Алина Александровна, «Сөйле» тілдесу клубының қазақ тілінің оқытушысы;

Останькович Дмитрий Валерьевич, «Радима» беларусь мәдени орталығы» ҚБ төрағасы;

Тумгоев Юсуп Лом-Алиевич, «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы» ЗТБ мүшесі.

Сонымен қатар Костенко атындағы шахтаның тау-кен жұмысшысы Даниель Дильге, блогер Иван Червинскийге және Қазақстан халқы Ассамблеясының Франциядағы достық елшісі Оборон-Туар Малгожатаға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.

Айта кетейік, Президент сессия барысында мемлекеттік тілді білмеген азаматтар қысым көрмеуге тиіс екенін айтты. Сондай-ақ ол еліміздің береке-бірлігін бағалай білуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы