Әшімбаев қайтадан Сенат спикері болуы мүмкін бе?

25 Қаңтар 2023, 14:55
1313
Бөлісу:
Әшімбаев қайтадан Сенат спикері болуы мүмкін бе?

Бұл сұраққа Сенаттың бұрынғы төрағасы Мәулен Әшімбаев Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Журналистер отырыс аяқталған соң Мәулен Әшімбаевтан Сенаттың келесі төрағасы кім болатыны туралы ойын сұраған болатын. 

Сенатордың айтуынша, Парламенттің жоғарғы палатасының спикеріне кандидатураны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ұсынады.  

Шешім – Президенттің құзыретінде. Біздің заңнамаға сәйкес Президент ұсынады, депутаттар дауыс береді. Қандай шешім қабылдайтынын Президент өзі шешеді, - деді Мәулен Әшімбаев тілшілерге берген сұхбатында. 

Айта кетерлігі, Мәулен Әшімбаев 2020 жылғы мамыр мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Сенаттың алтыншы шақырылымында төраға қызметін атқарды. 

Күні кеше Президенттің Жарлығымен спикердің, соның ішінде 13 сенатордың өкілеттіліктері тоқтатылды. Олардың ішінде төртеуі, атап айтқанда, Мәулен Әшімбаев, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Қалтаева, Асқар Шәкіров қайта тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжілістің міндеті Сенатқа жүктелгені туралы жазған болатынбыз. 

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауы өткенге дейін Сенатқа уақытша бірқатар міндетті берді. 

Өзгелердің жаңалығы