Мәжілістің міндеті Сенатқа жүктелді

25 Қаңтар 2023, 12:45
2170
Бөлісу:
Мәжілістің міндеті Сенатқа жүктелді
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айта кетерлігі, жаңадан сайланған Сенат депутаттары ресми тіркеуден өтті. 

Орталық сайлау комиссиясы тіркеген сәттен бастап сіздердің ҚР Сенаты депутаты ретіндегі өкілеттеріңіз басталды. Сіздер еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы – ҚР Парламенті депутаттары болдыңыздар, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров. 

Мәжілістің міндеті Сенатқа жүктелді

Айтуынша, Мәжілістің жаңа құрамы сайланғанға дейін сенаторларға заң шығару қызметі уақытша жүктеледі. 

Сонымен қатар 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізілуіне байланысты жаңа құрам сайланғанға дейін сіздер Сенат депутаттары ретінде Конституциялық заңдарды қабылдау бойынша бүкіл Парламент үшін бүкіл заң шығару міндеттерін орындайсыздар. Осы қызметте сіздерге сәттілік тілеймін, – деді ОСК басшысы.  

Мәжілістің міндеті Сенатқа жүктелді

Еске сала кетейік, бұған дейін сенаторларға депутат куәлігі мен төсбелгісі табысталғаны туралы жазған болатынбыз. 

14 қаңтарда өткен дауыс беру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына 20 депутат сайланды. Сондай-ақ кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен 5 сенатор және Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан 5 депутат тағайындалды. 

Өзгелердің жаңалығы