1950-... Корей түбегіндегі соғыс қашан бітеді?

1950-... Корей түбегіндегі соғыс қашан бітеді?

Бұған дейін Оңтүстік Кореяға пресс-турымыз барысында дайындаған материалдарымыздың сериясын жалғастырамыз. Корей түбегіндегі мәселенің о бастан қалай басталғанын корейаралық тарихшы (Inter-Korean Historian Council) Kwang Seo Ki мырзадан сұрадық. Ол екі Корея арасындағы АҚШ мүддесі және соғыс кезіндегі Қытай мен КСРО әскерінің әрекеті, соғыста қанша адам қайтыс болғаны туралы айтып берді.

Kwang Seo Ki мырза, бәрі қалай басталды? Кореяда жексенбі күнгі соғыстың түбі неден ушықты? Тарихшы ретінде баяндап берсеңіз.

Жапонияның отарында 36 жыл болған соң 1945 жылы босап, еркіндік алдық. Дегенмен бұл АҚШ пен КСРО-ның күші арқылы жүзеге асты. Біріншіден, АҚШ пен КСРО ол кезде солтүстік пен оңтүстікте 38-паралеллель арқылы бөлді. Олардың әрқайсы екі жақта: оңтүстікте АҚШ, солтүстікте КСРО өзінше тәртіп орнатқысы келді. Ұлтшылдар мен коммунистер бір мемлекет құрмай, идеология жағынан екіге бөліне салды.

6.jpg

Корея түбегі геосаяси жағынан үлкен державалар үшін өте маңызды болды. АҚШ жалғыз өзі Жапонияның әскерін Корей түбегінен шығара алмады. КСРО қызыл армиясы мен АҚШ бомбаны бірлесе отырып іске асырды. Сондықтан екі жақ кездесіп, Корей түбегіне қамқорлық көрсетуге келіседі. 1945 жылдың желтоқсанында Мәскеуде 3 мемлекет министрлерінің саммиті өтті. Ұлыбритания, АҚШ және КСРО өкілдері уақытша Корея Республикасын құрды. Осы уақытша Корея Республикасын құру үшін АҚШ пен КСРО 2 жыл бойы келіссөз жүргізді. Олар 5 жыл ішінде қамқорлық режимін алып тастауға келіседі. Оған дейін бұл режим сақталатын болды. Уақытша құрылған Корея Республикасында 3 партия болды. Барлық тарап келісіп жатса, бір ел құруға кедергі болмас еді. Бірақ сол жақ келіскенмен, ал оң жақ қамқорлыққа байланысты келіспеді. Осылайша, екі жақ бір-біріне қарсы болып шыға келді. Соғыс та осылардың өршуінен шықты.

Бізде бір мемлекет ретінде тарихымыз мың жылдан асады. Барлығы екіге бөлінуді уақытша болады деп ойлады. Солтүстік пен оңтүстік басшылары бір рет те бейбіт түрде келісімге келу жөнінде кеңеспеді, кездеспеді. Солтүстік тарап жексенбі күні – 1950 жылдың 25 маусымында аяқ астынан соғысты бастап, шабуыл жасады. Міне, жексенбінің қаралы күні осылай басталды. Әлі соғыс біткен жоқ. Уақытша тоқтап тұр.

3.jpg
Соғыста қанша адам қайтыс болды?

Түрлі статистикалық дерек бар. Бірақ шындыққа жақын деген екі жақтан 4 млн-ға жуық адам қайтыс болды деген мәлімет бар. Мен онымен келіспеймін. Меніңше, әскерден бөлек 1 млн-нан астам адам және қалғаны екі жақ әскерінен 3 млн адам қаза тапты деп ойлаймын. Сонымен қатар, АҚШ әскері 54 мың адам, Қытай әскері 2 мыңға жетеді.

Қытай әскері қай кезде келді?

Қытай әскері 1950 жылдың қарашасында соғыс кезінде келді.

7.jpg
Соғыс кезінде қақтығыс қаншалықты жиі болды?

Қараңыз Солтүстік Корея әскері соғыс басталғаннан кейін 3 күн ішінде Сеулді, ал 2 ай ішінде бір өзеннің бассейнінен бөлек барлық жерді жаулап алды. 1950 жылдың 15 қыркүйегінде АҚШ эгидасымен БҰҰ-ның бітімгер әскерлері көмекке келді. Қазанның соңында сол әскердің көмегі арқылы Пхенянды жауладық. Үш жыл бойы Америка әскері  Солтүстік Кореяға әуеден шабуыл жасады. Басында Сталин Корей түбегіндегі соғыс өршісе, АҚШ Батыс Еуропаны «ұмытып кетер», жағдай реттелер деп үміттенді. Ал Ким Ир Сен бұл соғысты тезірек бітіргісі келді. Себебі соғыста ол көп әскерін жоғалтты. Ал АҚШ өз жауларын қоластына алу үшін бұл соғыста жеңгісі келді.

КСРО бұл соғыста әскери кеңес берумен шектелді. Олардың әскері болмады. Сталин ресми түрде соғыс тактикасын үйретті. Тіпті төбеден шабуыл жасағанда олар қызыл белгімен шабуылдады. Олар қытай әскері деп ойласын деді. Сондықтан қайтыс болғандардың ішінде КСРО әскері болмады.

Сталин қайтыс болған соң олар Корей түбегіндегі ымыраға келу туралы келіседі. Дегенмен екі жақ та, АҚШ-қа тиімді болу үшін, соғысты уақытша тоқтатуға тура келді.

Енді уақытша тоқтатылған соғысты қалайша толық тоқтатуға болады? Қалай ойлайсыз?

Әлем бойынша суық қару соғысы 1990 жылдарда тоқтады. Бірақ Корей түбегінде суық соғыс атмосферасы әлі бар. Дегенмен 2000 жылы Ким Дэ Чжун президент болғаннан бастап «Күн саясаты» арқылы екіжақты диалог құруға тырысты. Кейін 2016 жылы ымыраға келу, диалог құру атмосферасы қайта жанданды. АҚШ және Оңтүстік Корея басшылары жеке-жеке Солтүстік Корея басшысымен кездесті. Сондықтан енді Корей түбегінде тыныштық орнайды деген үміт тағы пайда болды.

Корей түбегіндегі бейбітшілікті орнату үшін АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы мәселені шешу маңызды. Осы екі ел арасындағы сенімділік процесін реттеу керек. Солтүстік Кореядағы ядролық қару мәселесін шешу керек. Енді соңғы кездесуде Дональд Трамп пен Ким Чен Ын келісімге келе алмады. Өкініштісі – осы. Бірден бәрі шешілмейтінін білеміз. Сондықтан күтеміз.

Әңгімеңізге рақмет!

Корей түбегіндегі жағдайдың оң шешім табатынына тілектеспіз. Сұхбатыңыз үшін рақмет!

BAQ.KZ ақпарат агенттігі тілшісіне Оңтүстік Кореяның Корей мәдени және ақпарат қызметі (Korean culture and information service – KOCIS) «Корей түбегіндегі ымырағы келу процесі» тақырыбына арналған арнайы пресс-тур ұйымдастырды.

Бір халық үй ішінен үй тігіп, екі бөлек мемлекет болып отыр. Олар шекарасын Демилитаризация зонасымен (Demilitarized Zone – DMZ ) межелеп алған.

Оңтүстік Корея дипломаттарды қалай дайындайды? Корея мемлекеттік ұлттық дипломатия академиясының ректоры Se Young Cho мырзамен сұхбаттастық

Korea Hana Foundation (Корей бірігу қоры) директоры Kyung Bin Goh мырзамен және бала кезінде Солтүстік Кореядан қашып келген қызбен сұхбатымызды ұсынамыз.

Оңтүстік Корея президентінің резиденциясы Көк үйден фоторепортаж.

Корей түбегіндегі қазіргі экономикалық қатынас туралы Оңтүстік Кореядағы Кенгидо провинциясының вице-губернаторы Hwa Young Lee айтып берді.

Әлемнің қай еліне барсаңыз, алдымен музей-мұражайын аралайтын талғампаз оқырмандарымыз үшін Заманауи Корея тарихы ұлттық музейіне (대한민국 역사 박 불관) сапарымыздан материалымызды ұсынамыз.

38-параллель. Корей түбегіндегі ымыраға келу процесіне арналған пресс-турымыздың аясында Korea Hana Foundation (Корей бірігу қоры) директоры Kyung Bin Goh мырзамен және бала кезінде Солтүстік Кореядан қашып келген қызбен сұхбатымызды ұсынамыз.

Загрузка...