Сеул, BAQ.KZ тілшілері. Әлемнің қай еліне барсаңыз, алдымен музей-мұражайын аралайтын талғампаз оқырмандарымыз үшін Заманауи Корея тарихы ұлттық музейіне (대한민국 역사 박 불관) сапарымыздан материалымызды ұсынамыз.
Заманауи Корея тарихы ұлттық музейі (대한민국 역사 박 불관) 2012 жылдың 26 желтоқсанында ашылған. Сеулдегі Кёнбоккун сарайына жақын Saejongdae-ro 198, Jongno-gu мекенжайында орналасқан.
Кіру тегін.Жалпы ауданы 11 мың шаршы метрге жуық.
Төрт көрме залы бар. Онда 19 ғасырдың соңынан бастап қазірге дейінгі уақытты «Корея Республикасы болғанға дейін», «Корея Республикасының қоры», «Корея Республикасының дамуы», «Жаңғыру және Кореяның болашаққа көзқарасы» деген тақырыптармен қамтиды. Сонымен қатар, балалар музейі мен арнайы көрме галереясы бар. Арнайы білім бағдарламалары мен мәдени шараларды ұйымдастырады.
Бізді шетелден келген делегаттарға қызмет көрсететін арнайы гид музей ішімен таныстырды.
Бұл біздің ұлттық туымыз – tegeki (태극기). Біздің ресми туымыз тағайындалғанға дейінгі ең көне ту. Сонымен қатар, Teni tegeki туымыз бар. Ең соңғы императорымыз Чусон династиясындағы Хо Джун АҚШ-тың сол кездегі кеңесшісі Teni-ге осы туды сыйға тартқан. Міне, Teni мырзаға сыйланғандықтан Teni tegeki аталып кеткен. Байқағаныңыздай, тулардың пішіні әртүрлі. Біз туымыздың соңғы нұсқасын бекітетін комитеттің шешімімен 1949 жылы бекіттік. Оған дейін әртүрлі нұсқасы болды.
Бізде тудың авторы бар, ал Кореяда ше?
Біздің қазіргі туымыз бұрынғыдан кішкене айырмашылығы бар. Бұрынғы тулардың негізінде қабылданған соңғы нұсқасы деуге болады. Бірақ нақты авторы жоқ.
Кореяны Жапония 1910 жылы жаулап алғанын білетін шығарсыз. Оған дейін біздің императорымыз Хо Джун отанымызды қорғау үшін барынша тырысты. Және біз 1905 жылы сауда мен дипломатиялық құқығымызды Жапонияға береміз деп келісімге қол қойдық. Ал, мына газетте императордың сөзі келтірілген. Ол келісімге қол қоюға мәжбүр болғанын жазады. Бірақ бұл шешімді жою керек деген император. Сол кезде саммит өтіп, осы үш елшіні жіберіп, «тәуелсіз елміз, Жапонияға бағынғымыз келмейді» деп хабарлама айтқан. Дегенмен, 1910 жылы елді басқаруға дейін Жапонияның қолына көшті. Содан кейін 1945 жылға дейін – 30 жыл бойы Корея отаршыл мемлекеттің қарамағында болды.
Мына экспозиция тәуелсіздік үшін күрескен қайраткер Ан Чун Гун. Ол өзінің белсенді әрекеттері үшін қамауға алынған және түрмеде отырып қытай иероглифтерімен хат жазған. «Мен мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін алаңдаймын» делінген хатта. Ол өзінің бір саусағын шауып тастап, қанмен «Ел тәуелсіздігі – мәңгілік» деп жазған.
Бұл – тіркеу қағазы. Бұрын біздің өзіміздің атымыз бен тегіміз болған. Кейін Жапония біздің аты-жөнімізді өзгертіп, қайта тіркеу жасаған.
Биыл біз 1 наурыз күні тәуелсіздік үшін күрестің 100 жылдығын атап өттік. Өте айтулы және маңызды күндердің бірі. Ереуілге шыққандар ешқандай қару қолданбаған. Тәуелсіздік еш қантөгіссіз келсін деп есептеген.
1 наурыз күні алаңға шыққан белсенділердің бірі – Ю Гон Сун. Сол кезде 17 жастағы студент болған. Оны наурыздың бірінде түрмеге қамап, қинаған. Ұрып-соққан. Сондықтан бет-аузы ісіп кеткен.
Юн Бин Ге есімді белсенді азамат Жапонияның мемлекеттік қызметкерлері отырған жерге бомба жарып, бірнеше лауазымды тұлғалары қаза тапқан. Осыдан кейін оны Қытайға алып кеткен. Кейін Жапонияға жеткізілген. Жапониялықтар оны террорист дейді.
Мұнда - Жапония императорының туған күніне орай жиналған қауым.
Әлі күнге дейін сол кездегі тәуелсіздік күшін күрескен қайраткерлерді өте белсенді болған деп есептейді.
1945 жылы еліміз Жапонияның отарынан босатылып, еліміздің туын құрған. Ал Жапонияның тулары түсірілген. Халықтың қуанышты күні. Ол кезде Жапония тек бізді емес, Қытайдың да бір бөлігін алған болатын. Кейін АҚШ әскері Кореяда жапониялық әскерге тосқауыл болды. Дегенмен Жапония қарулы әскерімен күресті. Сол кезде АҚШ ядролық бомбасын пайдаланып, соғысты тоқтатуға себеп болды.
Бұл Жапония үшін материалдық және адам саны жағынан үлкен шығын әкелді. Солтүстіктен КСРО, оңтүстіктен АҚШ әскері көмекке келді. Міне осы кезден бастап, Кореяда екі жақты әскери көзқарас пен билік орныға бастады.
Міне осы сәттен басталып Корея түбегі мәжбүрлі түрде Солтүстік Корея және Оңтүстік Корея болып бөлінді. Солтүстікте КСРО, оңтүстікте АҚШ әскері болды. КСРО коммунизмді, АҚШ капитализмді құрғысы келді. АҚШ Корея түбегіндегі мәселені өз бетінше шеше алмағандықтан, мәселені БҰҰ-ға тапсырады. Ал БҰҰ екі жақтың билігін біріктіретіндей, бір мемлекет құрайық деп, сайлау өткізуді ұсынады. Бірақ Солтүстік Корея сайлау өткізуден бас тартады. Содан кейін 10 мамырда Оңтүстік Кореядан алғашқы демократиялық сайлау өтеді. 21 жастан асқан барлық тұрғын үкімет сайлауына қатыса алды.
Осылайша, Жапониядан «құтылғанына» 3 жыл өткен соң 1948 жылы Оңтүстік Корея мемлекеті ресми түрде құрылады. Басты көшеге шыққан халық. Өте қуанышты.
Бұл – Оңтүстік Корея министрлер кабинеті. 1948 жылы екі бөлек ел болған соң, АҚШ пен КСРО өз әскерлерін алып Корей түбегінен кетті. Бірақ 2 жылдан кейін Солтүстік Корея төрағасы Ким Ир Сен КСРО-ның әскерімен Сеулге жексенбі күні таңда, ескертусіз қарулы шабуыл жасады. Соғыс басында КСРО мен Қытайдың қызыл армиясы Оңтүстік Кореяны түбегейлі жаулап алды деуге болады. Сол кезде АҚШ бітімгер әскері тек жер үсті шабуылмен шектелді. Кейін халықты құтқарып қалу мақсатында тұрғындарды оңтүстіктегі аралға аттандырды. Себебі солтүстіктен келген шабуылдан қашқан халық оңтүстікке келіп тірелді. Сол кезде КорВит (АҚШ әскерінің қарулы кемесі) қашқындарды құтқару мақсатында кемедегі қаруды лақтырып, халықты отырғызған. Осы оқиға Гиннес рекордтар кітабына «ең көп қашқын құтқарылған оқиға» ретінде тіркелді. 14 мың қашқынды кемеге отырғызып, аралға жеткізді. Кореяның бұрынғы президенттірінің бірінің әкесі осы кемеде болған. Сол кезде ол бала болған.
Соғыстан кейін Оңтүстік Корея территориясында ештеңе қалмады. Барлығы қирады. Сондықтан ағаш арқылы үй құрап өмір сүруге мәжбүр болған.
Соғыс кезінде екі жақ бір-біріне тоқтаусыз шабуыл жасайды. Еш нәтиже шықпайды. Содан кейін 5 елдің: АҚШ, КСРО, Қытай, Солтүстік және Оңтүстік Корея басшылары кездесіп, әрі қарайғы әрекетті талқылайды.
Осы кезде картаға қарап, солтүстік ендіктен 38-параллельді белгілеп, соғысты уақытша тоқтатайық деген шешімге келеді. Егер соғыс ертең бастап кетсе, оған таңғалудың қажеті жоқ. Себебі ол әлі аяқталған жоқ.
Мектеп оқушылары. Бір аудиторияда 100 оқушы отырған.
Соғыста қанша адам қайтыс болғанын білмеймін. Бірақ 2 млн-ға жуық әскер қаза тапты. Ал қайтыс қарапайым халықтың саны қанша екенін білмейміз.
Міне, мына бөлік те соғыстан кейінгі қалпына келу дәуірі басталады.
Пак Чонхи деген бұрынғы президентімізді білесіз бе? Ол Кореяның экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Пак Чен Хи әскери жолмен басшы болды. Бірақ оны қоластындағы әскери лауазымды тұлға атып өлтіреді. Дегенмен халық оның жақсы басшы болғанын айтып, еске алып отырады.
Музейдің 3-қабатында экономикалық жетістік пен демократиялық билік туралы айтылады.
Пак Чен Хи президент болған кезде валюта реформасын жасады. Мынау сол кездегі купюралар. Бірақ бұл реформа сәтсіз болды.
Антикоммунистік пропаганда. Мұраларымыз Солтүстік Кореяға қарсы ең өшпенділік кезең болды дегенді білдіреді. Мектеп оқушылары осындай мундир киді. Олар аптасына бір рет әскери дайындық сабағына барды. Сондай-ақ, оқушылар мен студенттер алғашқы медициналық жәрдем беруді білу керек болды. Бұрын әр жерден түрлі қағаздағы жазбалар жататын. Егер осындай жазба тауып қалсақ, онда оны арнайы жәшіктерге салатынбыз.
Ең алғашқы электр пеші. Кір жуу машинасы. Тоңазытқыш. Ең алғашқы қара-ақ теледидар. Өте қымбат тұратын. Бағасы біржылдық орташа жалақымен тең. Дегенмен сұраныс көп болды.
Пони бренді. Жаңағы көліктен айырмашылығы қандай?
Біріншіден төрт доңғалақты және рулі оң жақтан.
Иә, бұл – кореялық емес, экспорттан келген көлік.
Бас жағы КСРО-ның көліктеріне ұқсайды екен. Маған үйреншікті көлік.
Иә, бұл Жапонияның технологиясы арқылы жасалды. Біздікінен мүлдем бөлек.
Корея Республикасы өз технологиясымен осындай үлкен кеме жасады. Мұнай тасуға арналған су көлігі.
Кішкентай зауыт. Күндіз осында жұмыс істеп, кешке ұйықтаған. Кішкентай бөлмеде 5-6 ұл-қыз тұрған.
Енді мәдени экспозицияларға тоқталайық. Бұрын бізде фото мұндай көлемде болмады. Сондықтан көбіне қолдан салатынбыз.
Журналдар, музыкалық жазбалар, кассеталар. Сонымен қатар, халық әндері өте тез тарады. Бірақ диктатура болғандықтан, жастарға қысқа белдемше киюге, жігіттерге ұзын шашпен жүруге тыйым салынды. Барлығын тексеретін.
Билік барлығын басқаратын және қадағалайтынын осылай көрсеткісі келді. Жастар диктатураға қарсы тұрып, «кигім келеді, шашымды өсіргім келеді» деп шықты. Содан кейін екі қалада демократия үшін көтеріліс болып, халық ереуілдеді. Қарсылық білдірген халықтың көп болғаны соншалық, әскер күресе алмады. Міне, халық ойы ушығып кеткенде, Пак Чен Хидің ең жақын адамы, генерал өз басшысын атып өлтірді. Ол халық пен билік арасындағы шиеленісті тоқтатқысы келді.
Ол жазаға тартылды ма?
Иә, оған өлім жазасы тағайындалды.
Пак Чонхиден кейін одан да мықты диктатор келді. Әскери адам Чен Духван президент болды. Халық мұндай қатаң билікке шыдамады, наразылық білдірді. Осындай наразылық шараларының бірінде екі студент қаза болды. Олар билікке қарсы шыққаны үшін қудаланды. Осы студенттердің өлімінен кейін ел территориясында түгел наразылық шаралары басталды. Митинг көбейіп, ұлттық көтеріліс іспеттес болды.
1987 жылдың 29 маусымында демократия жарияланып, халыққа президент сайлауға мүмкіндік берілді. Сөйтіп халық 1988 жылы алғаш рет демократиялық жолмен Ро Дэуден президент қылып сайлады.
BAQ.KZ ақпарат агенттігі тілшісіне Оңтүстік Кореяның Корей мәдени және ақпарат қызметі (Korean culture and information service – KOCIS) «Корей түбегіндегі ымырағы келу процесі» тақырыбына арналған арнайы пресс-тур ұйымдастырды.
Бір халық үй ішінен үй тігіп, екі бөлек мемлекет болып отыр. Олар шекарасын Демилитаризация зонасымен (Demilitarized Zone – DMZ ) межелеп алған.
Оңтүстік Корея дипломаттарды қалай дайындайды? Корея мемлекеттік ұлттық дипломатия академиясының ректоры Se Young Cho мырзамен сұхбаттастық.
Korea Hana Foundation (Корей бірігу қоры) директоры Kyung Bin Goh мырзамен және бала кезінде Солтүстік Кореядан қашып келген қызбен сұхбатымызды ұсынамыз.