Қазақ жігіті Лондонда мэр болып сайланды

Қазақ азаматы Лондон мэрі атанды.

Кеше 2026, 15:54
АВТОР
 instagram.com/sanabishev Кеше 2026, 15:54
Кеше 2026, 15:54
632
Фото: instagram.com/sanabishev

Лондонның St. James ауданында қазақ азаматы мэр болды. Консервативті партия атынан сынға түскен Санжар Әбішев 2,3 мың сайлаушының қолдауына ие болып, бәсекелесінен 350 дауыс алға озды. 

Айта кетейік, Санжар Әбішев Ұлыбританияда мектеп жасынан тұрады және кәсіпкерлікпен айналысады.

Бұл қуанышты хабарды бизнесмен Қанат Көпбаев жариялап, жаңа мэрдің қазақстандық кәсіпкер Азат Әбішевтің ұлы екенін меңзеді.

Қазақ жігіт Лондондағы St. James ауданының мэры болып сайланды. Менің ескі досым, кәсіпкер Азат Әбішевтың ұлы Санжар небәрі 33 жаста. Лондондағы атақты Malvern колледжін, сосын университет бітіріп, енді қалалық Westminster City council атқарушы органына мүше болды. Консервативті партия өкілі ретінде, бас бәсекелес лейбористерден 350 дауысқа озып шықты. Құтты болсын Санжар Азатұлы, үлкен саяси шыңдардан көріне бер, - деп жазды Қанат Көпбаев. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қанат Копбаев (@kanat_kopbayev)

Наверх